22
май
2025
Оқушылар, ата-аналар назарына!

📖11-сынып түлектері үшін салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 24-ші мамырда өткізіледі. ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!!! “Мектеп жанындағы интернаты бар №42 ЖОББМ» КММ 2024-2025 оқу жылындағы #Соңғы_қоңырау” мен #Қорытынды_аттестаттау кезеңінде келесі маңызды ережелерді назарларыңызға салады:
❌ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
❗️ Бітіруші 4 және 9-11 сынып оқушыларынан мектеп қажетіне ақша жинау;
❗️Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыру;
❗️Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге қандай да бір сыйлықтар беру;
❗️Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті заттар үшін қаражат жинау;
❗️Оқушылардың автокөлік шеруіне қатысуы, ойын-сауық, түнгі клуб, мейрамхана, саябаққа баруы;
❗️Қорытынды аттестаттау кезінде ата-аналардан ақша жинап, мерекелік дастархан ұйымдастыру.
✔️МАҚСАТЫ: Бұл шектеулер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық этика мен әділдікті сақтау үшін енгізілді.
✔️Өткен жылдағыдай, соңғы оқу күні 23 мамырда еліміздің барлық мектептерінде «Білімім - Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді.
✔️Бірыңғай сынып сағаты оқушылардың бойында білімге ұмтылыс, патриотизм және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.
❗️МАҢЫЗДЫ! «Соңғы қоңырау» іс-шарасы кезінде оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, тек бір ата- ана немесе заңды өкілдің қатысуы талап етіледі. Бұл – кешенді қауіпсіздік шарасының бір бөлігі.
❗️ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, жоғарыдағы талаптарды ескере отырып, балаларыңыздың қауіпсіздігіне бей-жай қарамауыңызды сұраймыз. Біз үшін басты мақсат сіздің балаңызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру! Кез келген сұрағыңыз болса, біз әрдайым ашықпыз байланыста болайық!