08
май
2024
Ер есімі - ел есінде

Жеңіс күні қарсаңында Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі қатарымыздағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы ақпарат ұсынады.
Краснянская Екатерина Семеновна
1928 жылы 8 қарашада Ресей Федерациясының Ленинград облысында дүниеге келген.
1947 жылы Ленинградта №2 069 эвакуациялық госпиталінде санитар болып жұмыс істеді. Госпиталь 1944 жылдың қыркүйегінен 1945 жылдың мамырына дейін Ленинградтан Латвияға, одан әрі Псков қаласына, Польшаға, содан кейін Германияға эвакуацияланды. Волхов және Ленинград майдандарына қатысты.
🏅🎖️«II дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Ленинградты қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.
#Жеңімпаздартарихы #Историяпобедителей
🚀#АбайОблысыныңӘкімдігі