Материалы за Май 2024 года » Страница 2 » Абай облысы білім басқармасының Коммунальное государственное учреждение "Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"отдела образования города Семей.
Абай облысы білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
"Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования города Семей
Приемная
+7(7222) 32-78-58
Бухгалтерия
+7(7222) 32-94-99
Версия для
слабовидящих
Жеңіс күні
08
май
2024
Жеңіс күні
Аймақ басшысы соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады Ұлы Жеңістің 79 жылдығы қарсаңында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне барып, сұрапыл жылдардағы ерліктері мен жеңісті жақындатуға қосқан үлестері үшін алғыс айтты. ✔️Қатарымыздағы қарт жауынгердің бірі - Александр Атавин. Батыс майданның 58-ші дивизия құрамында ауыр минометтерді тасымалдаушы көлік жүргізушілерінің бірі болған ардагер мереке қарсаңында үлкен құрметке ие
Ер есімі - ел есінде
08
май
2024
Ер есімі - ел есінде
🎗️Ер есімі – ел есінде! Жеңіс күні қарсаңында Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі қатарымыздағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы ақпарат ұсынады. Краснянская Екатерина Семеновна 1928 жылы 8 қарашада Ресей Федерациясының Ленинград облысында дүниеге келген. 1947 жылы Ленинградта №2 069 эвакуациялық госпиталінде санитар болып жұмыс істеді. Госпиталь 1944 жылдың қыркүйегінен 1945 жылдың мамырына дейін Ленинградтан Латвияға, одан әрі Псков қаласына, Польшаға, содан кейін Германияға
Таза Қазақстан
06
май
2024
Таза Қазақстан
2024 жылдың 6 мамырында Мемлекет басшысының “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында “Мектеп жанындағы интернаты бар 42 жалпы орта білім беретін мектеп“ КММ-де “Түлектердің ағаш отырғызуы” Республикалық эко-челленджі өтті. Ағаш отырғызуға мектеп түлектері мен мұғалімдер қатысты.
Ертегілер елінде
04
май
2024
Ертегілер елінде
Alikhan Bokeikhan University гуманитарлық факультеті " Педагогика және психология кафедрасының ПП-301.НО-301.ДО-301.1-курс студенттері мен НО-201с. 2-курс студенттері кафедра меңгерушісі мен жетекшілерімен келіп, арнайы сынып оқушыларына қуыршақтар қойылымы "Үш аю мен қыз" ертегісін сомдады.
Баскетболдан өткен жарыс
04
май
2024
Баскетболдан өткен жарыс
7- мамыр Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күніне орай Семей қаласының мектеп мұғалімдері арасында баскедболдан өткен жарыстан мектебіміздің ұлдар командасы жүлделі ІІІ- орын иеленді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Құстарға арналған ұя жасау акциясы
04
май
2024
Құстарға арналған ұя жасау акциясы
Мектеп оқушылары ата-аналарымен бірлесе отырып, құстарға арнарған ұя жасау акциясына үлес қосқан: 2 "А" сынып оқушылары: Бектұрған А, Совет Е, Серікқали А; 2 "Ә" сынып оқушысы: Меуетхан С; 6 "Ә" сынып оқушылары: Жокина А, Утегенов Н,Ахметов Б, Санақбек К, Амангелді Н, Қайнарбеков Б; 7 "Ә" сынып оқушылары: Азатов Р, Жасуланов Б,  Дюсупова А, Серікбекова Т; 8 "А" сынып оқушылары: Қабден А, Калидолда Е; Ұяларды жаратылыстану, математика бірлестігінің ұстаздары және 9"Б", 10"А" сынып оқушылары
Тәрбие сағаты
04
май
2024
Тәрбие сағаты
04.05.2024 күні 5"ә" сыныбында "Бейбіт күн жасасын әлемде..." тақырыбында смарт минут өтті. Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Өткізгендер: Құрмет С және Шәріпқан Аяла Сынып жетекшісі: Дугалиева Б.Ш.
Тәрбие сағаты
04
май
2024
Тәрбие сағаты
4.05.2024 күні 6 «Ә» сыныбында «Ұлы Жеңіс-жасасын! » тақырыбында смарт минут өтті.Мақсаты: «1. Школьникам Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. 2. Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру патриоттық сезімге баулу 3. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлауға, оларды құрметтеуге тәрбиелеу» Өткізген:  Еркімбекова Зере
Ата-аналар жиналысы
03
май
2024
Ата-аналар жиналысы
03.05.2024 күні 5"А" сыныбында «Отбасы құндылығы - сарқылмас қазына» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арсындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым- қатынасты қалыптастыру; Сынып жетекшісі: Сейітқазина А.Ә.
"Тəрбиешінің кəсіби өсуі: білім сапасына ықпалы бар ма?"
03
май
2024
"Тəрбиешінің кəсіби өсуі: білім сапасына ықпалы бар ма?"
03. 05. 2024ж. "Тəрбиешінің кəсіби өсуі: білім сапасына ықпалы бар ма?" атты жоба аясында интернат тəрбиеленушілерімен (4"а", 4"ə", 7"ə" сыныптар) домтапсырмасын орындау барысы. Тəрбиеші: Даулетбаев Сержан Рамазанович