«Көркем жазу – өнер» атты сайыс » Абай облысы білім басқармасының Коммунальное государственное учреждение "Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"отдела образования города Семей.
Абай облысы білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
"Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования города Семей
Приемная
+7(7222) 32-78-58
Бухгалтерия
+7(7222) 32-94-99
Версия для
слабовидящих
14
апрель
2022

«Көркем жазу – өнер» атты сайыс

«Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де  2022 жылдың 5 наурызда бастауыш сынып  оқушылары арасында «Әдемі жазу да өнер» көркем жазу үйірмесі бойынша сыныпаралық «Көркем жазу – өнер» сайысы өткізілді. Мақсаты: оқушыларды сауатты, әдемі, көркем жазуға машықтандыру.  Өнерге құштарлықтарын, эстетикалық талғамдарын дамытып, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке баулып, табандылыққа тәрбиелеу. Себебі, жазу нақтылыққа баулиды; жазу ойды жүйелейді; жазу барысында көптеген идеялар туындайды; бала мінезінің тұрақтылығын, ұстамдылығын қалыптастыра отырып, бастаған ісін аяқтау, өзіндік шығармашылығын дамытады. Іс-шарада жеңімпаздар анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталды.