Абай мұраларын ұлықтайық!» атты байқау » Абай облысы білім басқармасының Коммунальное государственное учреждение "Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"отдела образования города Семей.
Абай облысы білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
"Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования города Семей
Приемная
+7(7222) 32-78-58
Бухгалтерия
+7(7222) 32-94-99
Версия для
слабовидящих
14
апрель
2022

Абай мұраларын ұлықтайық!» атты байқау

Абай өмірі мен  шығармашылығын  оқушыларға дәріптеу мақсатында наурыздың 16-cы күні «Абай мұраларын ұлықтайық!» атты бастауыш сынып оқушыларының мектепішілік Абай оқулары байқауы болып өтті. Байқауда 1-4  сынып оқушылары Абайдың әні мен өлеңін, қара сөздерін мәнерлеп, көркем оқудан сынға түсті. Нәтижесінде «Жүйріктен жүйрік озар» номинациясымен 1 «А»  сынып оқушысы Нұрали Бағжан, «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясымен Айқынова Айнамкөз марапатталды.   Бас жүлдені  4«Ә»  сынып оқушысы Санақбек Кәусар жеңіп алды.  I орынды 4 «А» сынып оқушысы   Құмарбек Айару жеңіп алса, II орынды 3«А» сынып оқушысы  Канакова Айлин қанжығалады. Ал III орынды  1 «Ә» сынып оқушысы Баттакова Аңсаған иеленді. Байқаудан оқушылар да көрермендер де үлкен әсер алып қайтты. Байқауды ұйымдастырған бастауыш сынып бірлестігі мен  М.М. Сексенбаеваға алғыс білдіреміз!