Балаларға көмек көрсету – менің таңдауым
Балаларға көмек көрсету – менің таңдауым
"№42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп" КММ-де 2019 жылы 26 - шы желтоқсанда Жаңа жыл мерекесіне орай «Балаларға көмек көрсету – менің таңдауым» атты акция үйымдастырылды. Акцияның ұйымдастыру мақсаты: аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға көмек көрсету. Акция барысында мектебіздің 10 оқушысына қыстық аяқ киім және 10 оқушыға шағын сыйлықтар ұсынылды. Осы акцияға белсене қатысып, демеушілік еткен ата-ана Молдабекова Мақпал Жумагазыевна және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мырзабеков Батыр Жұртыбекұлына алғысымыз шексіз.
Акцияны ұйымдастырушылар: Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары Төкенова А.Ж.
Әлеуметтік педагог Кокымбаева Л.М.
1 «Б» сынып жетекшісі Карашева Г.Т.