27
июнь
2024
Назар аударыңыз!

Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті бүгінгі күні Ертіс өзенінде судың ағымы, қауіпті тереңдігі және төмен температурасы күшейгенін, осы жағдайлардың барлығы Ертіс өзенінің жабдықталмаған және тыйым салынған учаскелерінде шомылатын адамдардың қаза болуына байланысты төтенше жағдайлардың туындауына ықпал ететінін хабарлайды. Абай облыстық ТЖД су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады!
Семей қаласының аумағында 2 ресми жағажай бар, атап айтқанда: "қалалық жағажай" және "Заря" жағажайы демалушыларды қабылдауға дайын.
Балалардың (жасөспірімдердің) жабдықталмаған және тыйым салынған учаскелерде ересектердің қарауынсыз болу фактілері анықталған жағдайда, ата-аналардың атына ҚР ӘҚБтК 412-бабына сәйкес "су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау" әкімшілік практикасы қолданылатын болады, бұл 7 АЕК (25 844 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.