Химия кабинетінің ашылуы өтті » Абай облысы білім басқармасының Коммунальное государственное учреждение "Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"отдела образования города Семей.
Абай облысы білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
"Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования города Семей
Приемная
+7(7222) 32-78-58
Бухгалтерия
+7(7222) 32-94-99
Версия для
слабовидящих
27
март
2025

Химия кабинетінің ашылуы өтті

Семей қаласындағы «Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де «АС-Ай ЛТД» компаниясы Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорының демеушілігімен химия кабинеті ашылды. Қордың негізгі мақсаты - қоғамдық-маңызды мақсаттарға бағытталған қайырымдылық бағдарламаларын жүзеге асыру, мемлекеттік медициналық мекемелерді медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар «Олимпиада», «Асқар Жакулин кубогы», «Тамшы мейірім» т.б түрлі қайырымдылық бағдарламаларын іске асыру болып табылады. Соның бірі-бүгінгі күні мектебімізде өтіп жатқан химия және биология пәндерінен Жәкула Күшікұлы атындағы аймақтық олимпиадасы. Осы мақсаттарын жүзеге асыру үшін  Заманауи үлгіде, барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген химия кабинеті  қатысушылардың көңілінен шықты. Кабинеттің ашылу салтанатына    Асқар Жакулин  атындағы қордың директоры Гүлнар Сейдолла ханым, «Ас-Ай» компаниясының сервиз бөлімінің басшысы, қордың қамқоршысы Алнур Мухаметәлі, Абай облысы білім басқармасы ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы»  КМҚК директоры С.С.Оспанова, «Дарын» орталығы директорының орынбасары М.З.Жанаспаева, Абай облысы білім басқармасының Коммунальное государственное учреждение әдістемелік кабинет меңгерушісі К.Р.Ахметкулова қатысты.   Шынайы ыстық ықыласын білдірген Гүлнар Сейдолла ханым алдағы ісімізге сәттілік тілесе, С.С.Оспанова жас ұрпаққа білім беру ісіне, әсіресе, химия, биология пәндерін оқыту саласына айрықша көңіл бөлу керектігіне тоқтала кетті.  Болашақта осындай толық жабдықталған кабинеттеріміздің арқасында республикалық деңгейдегі олимпиадаларымызды өткізсек деген мақсатын аңғартты.  Мектеп директоры А.М.Жумакулова А.Жакулин атындағы қордың ұйымдастырушыларына шынайы ризашылығын білдіріп, Алғыс хат табыстады.   Химия кабинетін заманауи жабдықтау ісін қолға алып, бізге және біздің оқушыларымызға тамаша мүмкіндіктерге жол ашып берген қордың ұйымдастырушыларына, осы істі қолдап, бізге мүмкіндік берген Абай облысы білім басқармасына, Абай облысы білім басқармасының Семей қалалық  білім бөліміне шынайы алғысын айтты.