Кітап алмасу акциясы » Абай облысы білім басқармасының Коммунальное государственное учреждение "Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"отдела образования города Семей.
Абай облысы білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
"Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования города Семей
Приемная
+7(7222) 32-78-58
Бухгалтерия
+7(7222) 32-94-99
Версия для
слабовидящих
10
февраль
2020

Кітап алмасу акциясы

Кітап алмасу акциясы


2020 жылы 5 ақпан күні «№ 42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп» КММ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында! «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын іске асыру мақсатында директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары  А.Мукышеваның ұйымдастыруымен кітап алмасу акциясы болып өтті. «Кітап — рухани байлықтың қайнар көзі» тақырыбында ұйымдастырылған акцияны өткізудің мақсаты оқушылар арасында бір-бірімен кітап алмасып оқуға жол бастау, мектепішілік кітап алмасу акциясын өткізуді дәстүрлі қалыптастыру. 

Мектеп  директоры К. А. Жуанышев мектеп мұғалімдері арасында акцияның ашылуын бастап, ары қарай 5,6,7,8,9 сынып оқушыларының іс-шараларымен жалғасты. 

Педагог-зерттеуші Ж.Назирова мұғалімдермен қазіргі қоғамда кітап оқудың маңыздылығын талқылап, М.Кұрманғалина әріптестеріне 50 көркем әдебиет жинақталған ссылка ұсынды. Мектеп ұстаздар ұжымынан  тарих пәні мұғалімі С.Құттыбаева, физика пәні мүғалімі С. Тусупова, математика пәні мұғалімі С. Ильгекбаева, бастауыш сынып мұғалімдері И.Темирбекова мен Ж.Сағынбаевалар белсендік танытып, әркім өзі оқып танысқан әлемдегі түрлі бағыттағы таңдамалы оқулықтарды көпшілікке таныстырып, жарнамалау арқылы қалаған адамына ұсынып, сол адамның кітабымен алмасты. 

5-6 сынып оқушыларының сынып жеткшілері А.Нұрхасымова, Ж.Кайрамбаева, А.Кулджиналардың ұйымдастыруымен  қаламыздағы № 2 кітапхананың қызметкерлерін кездесуге шақырды. Кездесу барысында кітапхана қызметкерлері  мен оқушылар  кітап алмасуға байланысты пікірталас, кітап туралы қызықты деректер бойынша презентациялық таныстырылымдар жасады. БАҚ жарияланған ежелгі және жаңа заманғы кітаптар тарихымен, қызықты деректермен презентация арқылы таныстырып, ғылыми журналдар мен анықтамалар, энциклопедиялар мен сөздіктерді қалай қолдану керектігі жайлы  жарнамалар жасады. Кездесу соңында оқушыларды 2 сәуір кітап күні мерекесі қарсаңында № 2 кітапханада өтетін мерекелік іс-шараға шақырды. 

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі М. А. Ережепбекова 7-9 сынып оқушылары арасында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған кітап алмасу акциясын өткізді. Оқушылар  өздері оқыған А.Құнанбаевтың кітаптарын жарнамалап, бір-бірімен алмасты.  

8 сынып жеткшілері С. Буланова, С.Құттыбаевалар оқушылармен бірлесіп «Буккроссинг- бірге оқимыз: кітаптың айналыста жүруі» тақырыбында   акция ұйымдастырып, мектебіміздегі кітапхананың ішінен арнайы «Буккросинг» бұрышын  ашты.   Акцияның мақсаты: ол-үйде жатқан немесе оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау». Ұйымдастырушы 8 сынып оқушылары қатынасушыларды буккросингтың шығу  тарихымен, ережесімен таныстырып, буккроссингтің  бүгінгі күні   бірегей қоғамдық қозғалысқа айналып жатқандығын түсіндірді. Кітап алмасу акциясына кітапты жанына серік ететін балалар түгелдей қатысты. Таңдау мол. Талап біреу ғана-ол кітап оқу. Балалар қалаған әдебиетін алып, орнына өздері әкелген кітаптарын ұсынды. Олар өздері оқыған кітабын ортаға қойып, басқа оқырманның оқуына мүмкіндік бермек. «Оқып болсаң, досыңа бер» қағидасын ұстанған оқушылар үйлерінен көркем әдебиет, тарихи кітаптармен қоса ғылыми-танымдық оқулықтарын да алып келген. 

Мектеп кітапханашысы Ж.Слямжановнаның айтуынша,  оқушылар үшін кітап алмасу акциясы мереке. Өйткені бұрын-соңды оқымаған әдебиеттерін сатып алмай-ақ, осы жерден тауып жатыр. Балалардың айтуынша, кітап оқу арқылы адамның қиялдау мүмкіндігі артады. Балалар үйден әкелген кітаптарының орнына шет елдік аударма кітаптар, қазақ жазушыларының шығармаларын алды. 

 Алдағы уақытта «Кітап өмір айнасы, заман сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құралы!»  ұранын насихаттай отырып, рухани дүниемен сусындаған, бәсекеге қабілетті, сөзге шешен, әділ де батыл, өзге елдің тілін, дінін, мәдениетін дәріптейтін шәкірттер   қалыптасады, акция өз қолдауын тауып әрі қарай жалғасын табады деген ойдамыз. Кітап-білім бұлағы, білім көзі. Рухани байлық кітап оқу арқылы молаяды. Ал бүгінгі таңда жас ұрпақты кітап оқуға баулуды түрлі шаралар арқылы жүзеге асыруды мақсат етіп отырмыз.