Инклюзивті білім беру - тәжірибеге толы семинар » Абай облысы білім басқармасының Коммунальное государственное учреждение "Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"отдела образования города Семей.
Абай облысы білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
"Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования города Семей
Приемная
+7(7222) 32-78-58
Бухгалтерия
+7(7222) 32-94-99
Версия для
слабовидящих
05
март
2020

Инклюзивті білім беру - тәжірибеге толы семинар

Инклюзивті білім беру - тәжірибеге толы семинар

Елімізде 2011 жылдан бастап  инклюзивті білім беру мемлекеттік бағдарламасы кезең -  кезеңімен енгізілуде.  Осы инклюзивті білім беруді жүзеге асыру мақсатында 4 наурыз 2020 жылы   «№ 42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп» КММ–де «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға  қолдау көрсетудің тиімді жолдары» атты қалалық семинар өтті.

   Семинардың кіріспе бөлімінде мектеп директоры К.А.Жуанышев пен қалалық білім бөлімі әдіскері А.С.Исабаевалар сөз алып, семинарға қатысушылар мен ұйымдастырушыларға сәттілік тіледі. Семинар жұмысы арнайы дайындалған жоспар бойынша жүйелі, нақты жүргізілді. Айта кетерлік ерекше  жайт - жоғары оқу орындарымен тығыз байланыстың көрініс табуы.  Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінің аға оқытушылары Б.К.Оспанова, А.А.Лекерова, Н.А.Рахимжанованың  инклюзивті білім беру саласындағы мұғалім мен ата-ананың қарым-катынасы, инклюзивті білім беру жағдайында педагогтің психологиялық мәдениетін көтеру жолы туралы жасаған  баяндамалары өте сәтті әрі тиімді болды. 

Арнаулы түзеу сынып оқушыларының өнері мен істеген жұмыстары , қонақтарға арналған мерекелік концерті де көңіл қуантарлық жағдай болды. Бұл- мектеп үйірмесінің жетістігі, оны жүргізіп отырған мұғалімдердің еңбегі деп бағалаймыз.

Семинарға қатысушылар өзара тәжірибе алмаса отырып, ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға психологиялық – медициналық – педагогикалық қолдау көрсетудің тиімді жолдары туралы тереңірек біліп кетті. Бұл семинарда  инклюзивті және арнайы түзеу сыныптарымен жұмыс барысында  бір жақсы нәтижеге қол жеткізуде  қандай әдіс- тәсілдерді қолдана білу керектігі  туралы тәжірибе таратылды. Оны арнайы мамандардың, пән мұғалімдерінің  өткізген «Lesson study» зерттеу сабақтарынан, SMART минут, шеберлік сыныптарынан, семинар-тренинг және коучингтерінен көрдік. Барлық іс-шаралар инклюзивті білім беру саласында жүрген  мамандарға арналды. 

Қорыта келе, бұндай семинарлардың берері мол деп ойлаймыз. Қатысушылар семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, жүйелі және пайдалы іс-тәжірибиеге толы семинар өткізген  мектеп ұжымына алғыстарын білдірді.