Бейне шолу
30.10.2024ж «Мектеп жанындағы интернаты бар №42 ЖОББМ» КММ кітапханасы бейне шолу ұсынады. Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты Бекен Ыбырайымның «Аспандағы саяхат» атты ертегі-хикаяты «Алтын қалам 2018» конкурсының балаларға арналған «Дарабоз» номинациясы бойынша бас жүлдесін жеңіп алды. Ертегі-хикаяттың басты кейіпкері Таймас атты күшік. Саяхатшылардың айды іздейміз деп әр төмпешіктің астын бір қопаруы, бұлттардың үстімен жүруі сізді қызықтырса осы кітапты оқуға шақырамын. Кітапханашы: