Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-78-58
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-94-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қуанышты жаңалық! Мектебіміздің оқушылары Абай оқуларында жүлделі орындарға ие болды
09
апрель
2026
Қуанышты жаңалық! Мектебіміздің оқушылары Абай оқуларында жүлделі
ХХҮІІ Республикалық Абай оқуларының қалалық кезеңінде мектебіміздің 10 сынып оқушысы Сұлтан Алмас “Абайдың ақын шәкірттері” бағыты бойынша 1 - орын алып, облысқа өтті. Ұстазы Назирова Ж.Н . Ақынның 70 өлеңін жатқа оқыған 8- сынып оқушысы Санақбек Кәусар жүлделі 3- орын иеленді. Ұстазы Жумакулова А.М. Осындай шәкірттеріміз бар да мектебіміздің мәртебесі арта беретіні сөзсіз Алдағы облыстық сайыста жүлдегерлер қатарынан көрінейік деп оқушымыз бен ұстазымызға сәттілік тілейміз.
Облыста І орын – Мухаметрахимова Данель!
14
март
2026
Облыста І орын – Мухаметрахимова Данель!
“Жарқын болашақ” республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінің 1-орын жүлдегері 11-сынып оқушысы Мухаметрахимова Данельді жеңісімен құттықтаймыз!Алдағы республикалық кезеңнен жүлделі оралуына тілектеспіз!!
Әбіш оқулары: Облыс жеңімпазы – Мухаметрахимова Жанель
14
март
2026
Әбіш оқулары: Облыс жеңімпазы – Мухаметрахимова Жанель
Республикалық Әбіш оқулары байқауының облыстық кезеңнің жеңімпазы 11-сынып оқушысы Мухаметрахимова Жанельді жеңісімен құттықтаймыз. Республикалық кезеңге сәттілік тілейміз!
9-сынып оқушылары «ZerdeIi Quiz» зияткерлік ойынында бақ сынады
10
март
2026
9-сынып оқушылары «ZerdeIi Quiz» зияткерлік ойынында бақ сынады
Кәсіби бағдар бойынша Семей қаласы «Innovative college» мекемесінде қала мектептері арасында 9-сынып оқушыларымен жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілген «ZerdeIi Quiz» қалалық зияткерлік ойынын өткізіп, мектебімізден 9- сынып оқушылары Табулдинов Амир, Мұратов Ерасыл, Оспанов Алихан, Жасұланов Бекжан, Азаматұлы Марғұлан жетекшісі кәсіби бағдар беру педагогі Акбаланова Гульнара Айткалиевнамен «Жалын» тобын құрып, «ZerdeIi Quiz» ойынына қатысып сертификатпен марапатталып қайттық.
4 “А” сынып оқушысы Аяла Серікқали — каратэден күміс жүлдегер!
04
март
2026
4 “А” сынып оқушысы Аяла Серікқали — каратэден күміс жүлдегер!
Каратэ Шинкиокушинкайдан балалар, жасөспірімдер және қыздар арасында Семей қаласының біріншілігінде ІІ орын иеленген 4 “А”сынып оқушысы Серікқали Аяланы жеңісімен құттықтаймыз!!! Алар асуларың, бағындырар белестерің көп болсын! Біз сенімен мақтанамыз, Аяла!
Оқушыларымыз республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде жүлделі орын алды
22
декабрь
2025
Оқушыларымыз республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде жүлделі
Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде химия пәні бойынша жеңіске жеткен Конушпаева Айяжан мен Құқық негіздері пәні бойынша жүлдегер атанған Секенова Нұрғананы жүлделерімен құттықтаймыз. Оқушыларды шыңдауда талмай еңбек етіп жүрген ұстаздарымыз Каупбаева А. К. мен Советов О. К.-ке тек жемісті де жеңісті шәкірттер тілейміз.
Қалалық ғылыми жоба байқауында жоғары нәтиже!
30
октябрь
2025
Қалалық ғылыми жоба байқауында жоғары нәтиже!
Қалалық «Дарын» орталығы өткізген 8-11 сыныптар арасындағы ғылыми жоба конкурсынан «Тіл білімі» бағыты бойынша жоғары ұпай жинап,облыстық кезеңге өткен 11 сынып оқушысы Тлеуханқызы Арайлымнан үлкен үміт күтеміз. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кенжегалиева Дидар Кенжегалиевна.
Құттықтаймыз! Әскери-спорттық жарыста — 1-орын!
24
октябрь
2025
Құттықтаймыз! Әскери-спорттық жарыста — 1-орын!
Республика күніне арналған Семей қаласының мектептерінің жас сарбаздар жане әскери патриоттық клубтарының 6-8 сыныптар арасындағы әскери-спорттық жарыста жекелей түрі оқжатарды жарақтаудан 42 мектептің 6- сынып оқушысы 1- орын алды. Бұл біз үшін тамаша жетістік! Жетекшісі Казез Дидар Кусманұлына алғыс білдіре отырып, осындай патриот, білімді шәкірттеріңіз көп болсын дейміз.
Облыстық байқау жүлдегерлерін құттықтаймыз!
24
октябрь
2025
Облыстық байқау жүлдегерлерін құттықтаймыз!
Облыстық “Махамбет оқулары”, “Әлем таныған Әуезов” конкурстарында сурет салу бағыты бойынша мектеп намысын қорғап жүлделі орындар алған ағайынды Мухаметрахимова Данель мен Мухаметрахимова Жанельдің алдағы өмірлеріне сәттілік тілейміз!
Құттықтаймыз!
24
октябрь
2025
Құттықтаймыз!
Қыркүйек айында өткен облыстық заң тақырыбындағы эссе конкурсында 3-орын алған 9-сынып оқушысы Аптеева Аяжан - мектеп мақтанышы. Өз құқығын біліп, қоғамдағы тәртіп пен заңды қатаң сақтайтын осындай оқушыларымыз көп болсын!