"Кітап оқимыз ба?"
“Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де “Ата-ананың сөзі - тәрбиенің көзі” үйірмесінің ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына шебер сынып өткізілді. Тақырыбы “Кітап оқимыз ба? Мақсаты “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында мектеп, ата-ана мен бала арасындағы рухани қарым-қатынасты кітап оқу арқылы жандандырып, ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, кітап оқу дәстүрін жаңғырту. Жетекшілері И. Б. Темирбекова, Ж. М. Сапиева.