Махаббат пен шығармашылық педагогикасы » Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің "Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-78-58
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-94-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
февраль
2019

Махаббат пен шығармашылық педагогикасы

Семей қаласы «№42 жанында интернаты бар жалпыорта білім беретін мектеп» КММ

2019 жылдың 01-12 ақпан аралығында «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты бойынша өткізілген онкүндік туралы ақпарат

 

      Ақпан айының 1-12 аралығында «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің жоспары құрылып, сол жоспар бойынша апталық өткізілді.Бірінші ақпан күні апталық мектептің салтанатты саптүзеу жиынынан басталды.Салтанатты саптық жиынды ұйымдастырушылар өзін-өзі тану пән мұғалімдері болды. Апталықтың бірінші күнінен бастап қабырға газеттері ілінді. Бейнелеу, еңбек пәндерінің мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің бірлесуімен апта бойы«Руханилықтың мөлдір бұлағы» тақырыбында оқушылардың сурет және қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар көрмеге қызыға қатысып, шығармашылық қабілеттерін жан-жақты көрсете білді. Сол күні кітапхана меңгерушісі Ж.С.Утельбаева мектепте «Алтын жүректі ана» атты тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Ақпанның төртінші күні 2-11сыныптар арасында «Бала жүрек жылуы» атты тақырыпта «SMART» минут сағаттары өткізілді. «SMART» минут сағаттарының тақырыбы қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы және жалпыадамзаттық рухани құндылықтар туралы болды. Жоспар бойынша ақпанның бесі күні «Сен де бір кірпіш дүниеге» атты тақырыбында іс-шара өтті. Ақпанның алтысы күні «Алтын жүрек анамыз» атты оқушылардың мәнерлеп өлең оқу сайысы өтілді. Байқауға 5-6 сынып оқушылары қатысты. Ана, сүйіспеншілік, мейірімділік тақырыбына жазылған өлеңдерін оқып, көпшіліктің көңілінен шыға білді. Ақпанның жетісі күні «Қайырымдылық жер бетінде» деген тақырыпта әлеуметтік педагог Ә.О.Акпамбаева, аға вожатый Б.Б.Башбаева оқушылар және ата-аналармен бірігіп қайырымдылық акциясын өткізді. Аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға көмек көрсетілді. Ақпанның сегізі күні бастауыш мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Ән-көңілдің ажары» атты ән фестивалі өтті. Өнерлі оқушылар достық, ынтымақ, ана туралы әндер орындап, ұлттық билерді мың бұрала биледі. Іс-шарада оқушылар жақсы белсенділік танытып, жақсы көңіл күйде болды. Ақпанның он бірі күні «Сүйіспеншілікпен өмір сүру» атты тақырыпта шығарма жазу байқауы өткізілді. Оқушылар адам бойындағы асыл қасиеттер мен сүйіспеншілік туралы өз ойларын парақ бетіне түсірді. Апталықтың соңғы күні өзін-өзі тану мұғалімдері «Мейірімділік –асыл қасиет», «Өнеге-отбасынан» , «Кәусар бұлақ тұнығынан», «Татулық-бірлік бастауы» атты тақырыбында ашық сабақтар өткізілді. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, өз ойларын жақсы жеткізді. Өткізілген ашық сабақтар өз деңгейінде өтілді.Балаларға адамгершілікке, мейірімділікке, сүйіспеншілік, бейбітшілік пен достық туралы түсініктер берілді. Соңғы күні, яғни 12 ақпан күні өзін-өзі тану мұғалімі М.А.Ережепбекованың ұйымдастыруымен «Мейірімділік асыл-қасиет» атты тақырыпта іс-шара өтті. Оқушылар ән айтып, би билеп, жақсы тілектер білдіріп, көпшілік көңілінен шыға білді.

 

 

В КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 42 с пришкольным интернатом» с 1 по 12 февраля 2019г. среди учащихся 2-11 классов прошла декада на тему «Махаббат пен шығармашылык педагогикасы».


 

      С 1 по 12 февраля прошла декада на тему «Махаббат пен шығармашылык педагогикасы», по запланированному плану. Торжественное мероприятие началось с торжественного сбора организаторов линейки. Спервых дней декады была повещена стенгазета. Учителями изобразительного икусства и технологии была организованна выставка рисунков на тему: «Руханилықтың мөлдір бұлағы». Ученики с интеросом участвовали и показали свои способности. Библиотекарь Ж.С.Утельбаева организовала выставку книг на тему: «Алтын жүректі ана». 4 февраля с 2-11 классах прошли Смартминуты на тему: «Бала жүрек жылуы». На Смартминутах было рассказано и показано о Первой леди Казахстана Саре Алпысовне Назарбаевой, президента балаготворительного детского фонда «Бөбек».Во время декады было проведено мероприятие «Сен де бір кірпіш дүниеге». На шестой день декады был проведен конкурс выразительного чтения стихов «Алтын жүрек анамыз» среди учащихся 5-6 класса. На седьмой день декады социальный педагог Ә.О Акпамбаева и старшая вожатая Б,Б.Башбаева провели с учениками и родителями акцию на тему: «Қайырымдылық жер бетінде» Была оказана помощь материально малообеспеченным семьям. На восьмой день декады учителями начальных классов был проведен песенный фестиваль на тему: «Ән - көңілдің ажары».Талантливые дети пели песни о дружбе, о любви к матери. Учащиеся активно участвовали на мероприятии и были довольны. Был проведен на декаде конкурс сочинений «Сүйісшілікпен өмір сүру» Учителями самопознания были проведены открытые уроки на темы; «Мейірімділік -асыл қасиет», «Өнеге отбасынан» , «Кәусар бұлак тұнғынан».«Татулық – бірлік бастауы». Ученики активно участвовали на уроках, высказывали свое мнение. На уроках ученики получили воспитательные знания: о любви к матери, человечности, доброте, о дружбе. 12 февраля учитель самопознания М.А.Ережепбекова организовала мероприятие «Мейірімділік асыл - қасиет». Ученики пели песни, танцевали, хорошие пожелания пожелали и всем понравилось.