29
январь
2019
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ СЕМИНАР
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ СЕМИНАР
2018 жылы 28 қыркүйек күні Семей қаласындағы «№42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп» КММ Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасын мектептің оқу-тәрбие жұмысында басты негізге алу, жаңартылған білім мазмұны бойынша мектептің даму жоспарына жаңаша басымдықтар енгізу мақсатында «Оқу-тәрбие үдерісінде жеке тұлғаның ақыл-ой қабілетін және жалпы өмірлік әрекетін жоғары деңгейде ұстау, шығармашылық жұмысқа тарту» тақырыбында педагогикалық ынтымақтастық орнату бағытындағы семинар өткізілді.
Семинарда Қазақстандық білім беру жүйесінің инновациялық дамуы және білім берудегі педагогикалық технологиялардың жоғары кәсіби сапа белгілерін қалыптастыру мәселелері туралы баяндалып, кәсіби біліктілікті қалыптастыру және кәсіби коммуникативтік қарым-қатынас стратегиясын желілік қоғамдастықтар арқылы педагогикалық ынтымақтастықта жүзеге асыру жолдары ұсынылды.Қазіргі таңда жаңаша оқыту технологияларын мектеп тәжірибесіне енгізу өзекті мәселелердің бірі. Семинарда мектептің төртінші қабатынан«Lesson Study» зерттеу сабақтарын, «SMART минут»оқушылардың шағын сабақтарын өткізетін жаңартылған білім мазмұнында тәжірибелік алаңы ашылды.
Бүгінгі күні білім беру жүйесінде негізгі мәселелері: «Үйрену мен үйрету тек өзара белсенді әрекеттерге негізделген қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады» және «Тек әрекеттесу арқылы үйренуге-үйретуге болады» деген қағиданы ұстанады. Сол себепті қазіргі күні әрекеттік педагогика ең танымал оқу жүйесіне айналғанын, яғни мектепте оқу процесінің негізін интербелсенді әдістемелер құрауы керек екендігін коучинг өткізу арқылы талқыланды.
Қала бойынша №47, Пригродный, Шүлбі жалпы орта білім беретін мектептерінің директорлары, тәрбие ісі және әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары, Қазақ инновациялық университетінен А.К.Оразғалиева қоғамдастыққа мүшелікке енгізіліп, жаңаша оқыту әдістемесіндегі жаңа тенденциялары, парадигмалары мен стратегиялары туралы пікірлер ортаға салынды.
Семинарда пәндерді оқытуда оқу үдерісін жандандыратын және оны анағұрлым жылдамдататын инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану жөнінде ұсыныстар жасалды.