14
апрель
2022
«Дала қоңырауы – Ыбырай атамыз»,«Ы.Алтынсарин еңбектері»,«Ыбырай Алтынсарин – ұлы тұлға» атты танымдық сабақтар
Бастауыш сынып мұғалімдерінің онкүндігінде Ыбырай Алтынсарин шығармаларын оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының адалдық сезімін, дүниеге көзқарасын, оқушы бойына адамгершілік қасиеттер қалыптастыру мақсатында 1 сыныптарда «Дала қоңырауы – Ыбырай атамыз», 2 сыныпта оқуға құштар мектеп жобасы аясында «Ы.Алтынсарин еңбектері», 3 сыныптарда «Ұлт үстазы - Ыбырай», 4 сыныптарда «Ыбырай Алтынсарин – ұлы тұлға» тақырыптарында тәрбие сағаттары мен танымдық сабақтар өткізілді. Ыбырай Алтынсариннің шығармалары арқылы әр педагог бала бойына адами құндылықтарды сіңіруге, еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, қанағатшылдыққа баулыды. Өткізілген жұмыстар өз мақсатына жетті.





