17
февраль
2020
Махаббат пен шығармашылық педагогикасы
Махаббат пен шығармашылық педагогикасы
Семей қаласы «№42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп» КММ 2020 жылдың 03-12 ақпан аралығында «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты бойынша өткізілген онкүндік туралы ақпарат. Ақпан айының 3-12 аралығында «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің жоспары құрылып, сол жоспар бойынша апталық өткізілді. Онкүндік өзін-өзі тану пән мұғалімдерінің ашқан салтанатты линейкадан басталды. «Сүйіспеншілікпен өмір сүрейік» атты тақырыбында жоба презентация байқауы өтіп, жүлдегерлер марапатталды. Байқау тартымды, мазмұнды мағыналы түрде өтті. Бейнелеу ,еңбек пәндерінің мұғалімдерінің бірлесуімен апта бойы «Руханилықтың мөлдір бұлағы» тақырыбында оқушылардың сурет және қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар көрмеге қызыға қатысып, шығармашылық қабілеттерін жан-жақты көрсете білді.
Сол күні мектеп кітапханасында «Алтын жүректі ана» атты тақырыбында кітап көрмесі ұсынылды. Кітапхана меңгерушісі Ж. С .Утельбаева Сара Алпысқызының өмірі мен қызметі туралы хабарлама жасап, журналдар, кітаптар легімен таныстырды. Мектебімізде «Қайырымдылық жер бетінде» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Қайырымдылық акциясына материалдық жағдайы төмен балаларға сыйлықтар табысталды. «Алтын жүрек анамыз» атты оқушылардың мәнерлеп өлең оқу сайысы өтті. Сайысқа қатысқан оқушылар оқулықта берілген авторлардың өлеңдерін жатқа айтты.
Байқауға 5-6 сынып оқушылары қатысты. Ана, сүйіспеншілік, мейірімділік тақырыбына жазылған өлеңдерін оқып, көпшіліктің көңілінен шыға білді. Өзін-өзі тану мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 5-9 сынып оқушылар аралығында «Ән-көңілдің ажары» ән фестивалі ұйымдастырылды. Өнерлі оқушылар достық, ынтымақ, Отан, туған жер, ана туралы әндер орындап, ұлттық билерді мың бұрала биледі. Іс-шарада оқушылар жақсы белсенділік танытып, жақсы көңіл күйде болды. Апталықтың ақырғы күндерінде 2-11сыныптар арасында «Сүйіспеншілік – өмір негізі» атты тақырыбында тәрбие сағаттары мен ашық сабақтар өтілді.
Өткізілген тәрбие сағаттары мен ашық сабақтар мақсатына жетті. « Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің қорытынды шарасы ретінде бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Бәрі сүйіспеншіліктен басталады» атты концерттік бағдарлама өтті. Оқушылар ән айтып, би билеп, жақсы тілектер білдіріп, көпшілік көңілінен шыға білді. «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы он күндік іс-шарасы жоспарға сәйкес орындалып, өз мақсатына жетті.




