«Көркем жазу – өнер» атты сайыс » Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің "Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-78-58
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-94-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
апрель
2022

«Көркем жазу – өнер» атты сайыс

«Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де  2022 жылдың 5 наурызда бастауыш сынып  оқушылары арасында «Әдемі жазу да өнер» көркем жазу үйірмесі бойынша сыныпаралық «Көркем жазу – өнер» сайысы өткізілді. Мақсаты: оқушыларды сауатты, әдемі, көркем жазуға машықтандыру.  Өнерге құштарлықтарын, эстетикалық талғамдарын дамытып, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке баулып, табандылыққа тәрбиелеу. Себебі, жазу нақтылыққа баулиды; жазу ойды жүйелейді; жазу барысында көптеген идеялар туындайды; бала мінезінің тұрақтылығын, ұстамдылығын қалыптастыра отырып, бастаған ісін аяқтау, өзіндік шығармашылығын дамытады. Іс-шарада жеңімпаздар анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталды.