Жазудан бес аламыз » Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің "Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-78-58
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-94-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
январь
2021

Жазудан бес аламыз

Жазудан бес аламыз

2020 жылы 23-28 қараша аралығында «Жазудан бес аламыз» үйірме жұмысы бойынша мектепішілік бастауыш сыныптар арасында «Әдемі жазу да- өнер» онлайн конкурсы өтті.  
        Конкурстың мақсаты:  
    Бастауыш сыныпта оқушылардың көркем жазу машығын қалыптастыра отырып, орфографиялық сауаттылық , әріптерді каллиграфияға сай дұрыс жазуға үйрету арқылы тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Оқушыларға көркем жазу - өнер екенін ұғындыру. 
 Конкурсқа барлығы 29 оқушы қатысты. Қазылар алқасы шешім шығару барысында іріктеліп жүлделі «Ең көркем жазу» номинациясымен   1 «А» сынып оқушысы Серыкқан Жаншырай, 2 «А» сынып Қарагөзова Айназ, 2 «Ә» сынып Төкен Қарақат, 3 «А» сынып Сұлтанова Еркеназ, 3 «Ә» сынып Санақбек Кәусар, 4 «А» сынып Тоқтағұлова Алима, 4 «Ә» сынып Сатыбалдина Медина марапатталды. 
 Қалған 22 оқушы төмендегідей номинациялармен марапатталды: 
1. «Ең әдемі жазу» номинациясы; 
2. «Парасатты ой» номинациясы;
 3. «Ұшқыр қалам» номинациясы;
 4. «Өткір тіл» номинациясы; 
5. «Шығармашыл бала» номинациясы; 
6. «Сауатты жазу» номинациясы; 
7. «Алтын әріптер» номинациясы.