14
апрель
2022
Абай мұраларын ұлықтайық!» атты байқау
Абай өмірі мен шығармашылығын оқушыларға дәріптеу мақсатында наурыздың 16-cы күні «Абай мұраларын ұлықтайық!» атты бастауыш сынып оқушыларының мектепішілік Абай оқулары байқауы болып өтті. Байқауда 1-4 сынып оқушылары Абайдың әні мен өлеңін, қара сөздерін мәнерлеп, көркем оқудан сынға түсті. Нәтижесінде «Жүйріктен жүйрік озар» номинациясымен 1 «А» сынып оқушысы Нұрали Бағжан, «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясымен Айқынова Айнамкөз марапатталды. Бас жүлдені 4«Ә» сынып оқушысы Санақбек Кәусар жеңіп алды. I орынды 4 «А» сынып оқушысы Құмарбек Айару жеңіп алса, II орынды 3«А» сынып оқушысы Канакова Айлин қанжығалады. Ал III орынды 1 «Ә» сынып оқушысы Баттакова Аңсаған иеленді. Байқаудан оқушылар да көрермендер де үлкен әсер алып қайтты. Байқауды ұйымдастырған бастауыш сынып бірлестігі мен М.М. Сексенбаеваға алғыс білдіреміз!












