«Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарын психологиялық-педагогикалық қолдау жұмыстары» семинар. » Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің "Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-78-58
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-94-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарын психологиялық-педагогикалық қолдау жұмыстары» семинар.
30
ноябрь
2023

«Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарын психологиялық-педагогикалық қолдау жұмыстары» семинар.

Біртұтас тәрбие бағдарламасын және АПҚО жұмыстарын жүзеге асыруда 2023 жылдың 29 қарашакүні «Абай облысының білім басқармасы» ММ, «Облыстықинновациялық-әдістемелікорталығы» КММ мен «Alikhan Bokeikhan University» ББМ қаржыландырылуымен ашылған «Инклюзивті білім беру ресурсты қорталығы» негізінде Педагогика және психология кафедрасының доцент м.а., PhD докторлары Ш.О. Орынгалиева, Б.К. Оспанова, ағаоқытушылар Г.К. Абдуллина, Г.А. Батинаның ұйымдастыруымен «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарын психологиялық-педагогикалық қолдау жұмыстары» семинар-практикумы «Мектеп жанында интернаты бар № 42 ЖОББМ» КММ-де өтті.
Семинар-практикумға жалпы орта білім беру мектептері директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог- психологтер және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жалпы облыс бойынша 42 ата-аналары қатысты.
Семинар-практикум жұмысының мақсаты - инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарын психологиялық-педагогикалық қолдау. Семинар-практикум барысында «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталық» КММ инклюзивті білім беру бөлімінің әдіскеріГ.Р. Увалиева, Абай облысы білім басқармасының «Асыл Мирас аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балаларды қолдау орталығы (autism-орталығы)» КММ директоры А.М. Алимжанова қатысып, баяндама жасады.
Қаламыздың логопед-дефектологі М.М. Касенова «Балалардың сөйлеу қабілетін дамытудың тиімді әдістері» тақырыбында шебер сынып өткізді. Сондай ақ, Г.К. Абдуллина «Тілдің дамуы мен оны жетілдірудің психофизиологиялық механизмдері» тақырыбында дәрісі тыңдаушылардың қызығушылығын танытып, ата-аналармен ағартушылық жұмыстар жүргізді.
Баланың танымдық процестеріне психологиялық мінездеме бере отырып, аға оқытушы Г.А. Батина «ЕББҚ бар балалардың ойлау мен сөйлеу қабілеттерін дамыту ерекшеліктері: теориядан практикаға» тақырыбында баяндама жасады.
 вті білім берудегі арттерапия» атты ата-аналармен практикалық жұмыс жүргізді. Арттерапия техникаларын баламен қарым-қатынастаөзара әрекеттесу және әлеуметтену процесін дамыту, тұлғааралық қатынастарды жақсарту мақсатында қолдана алу әдістерімен таныстырды. Ата-ананың ішкі эмоциялық күйі мен өзіндік «Мен»-ін сезінуге байланысты психотехникалар қолданды.
Семинар-практикум соңында қатысушылармен ресурстық орталыққа экскурсия жасалды. Семинар-практикум өте қызықты, жағымды атмосферада еркін форматта өтті.
Қатысушылар семинар жұмысысына жоғары баға беріп, жұмыс өз жалғасын табады деген ұсыныстары мен ризашылықтарын білдірді.