Отбасы – бақыт мекені » Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің "Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-78-58
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-94-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
декабрь
2019

Отбасы – бақыт мекені

Отбасы – бақыт мекені

   «№42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-де жылдағы дәстүр бойынша «Ата-ананың сөзі – тәрбиенің көзі» үйірме бағыты бойынша «Отбасы – бақыт мекені» атты апталық өтті. Апталықтың мақсаты: отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру. Мектеп, ата-ана, оқушы одағын нығайтып, тәрбие мен білімді жан-жақты сабақтастыру. Қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.Ата-ана мен оқушы алдында мұғалімнің мәртебесін көтеріп, баланы ата-ана, мектеп болып бірлесе отырып қоғамға бейімдеу.

  «Отбасы – бақыт мекені» апталығы 25.11.-29.11.2019. аралығы өтіп, оған көптеген ата-аналар қатысты. Бір апта бойына үйірме жетекшілері Темирбекова И.Б. мен Имангалиева Ж.А. холлда фотогалерея ұйымдастырып, оған барлық ата-аналар белсене атсалысты. Қорытынды кеште ең үздік отбасылық фотосуреттер марапатталды. Сынып жетекшілер, психолог, дефектолог, логопед мамандардың ұйымдастыруымен коучинг, тренинг, шеберлік сыныптар өткізіліп, мұнда да ата-аналар белсенділік танытты.

  «Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» демекші, қазақ салтында отбасы тәлімі ерекше дәстүр. Өйткені, отбасында көрген жақсы-жаман қылықтардың бәрі бала өміріне әсер етеді. Адам өзінің ұрпағынан елді сүйсіндірер ұлы істерді тындырса деген мақсатты нысана етеді, үміт артады. Сол ниетпен жақсылыққа баулиды. Отбасы қоғамның негізгі бөлігі, ұлттық мәдениеттің, рухани құндылықтардың қазынасы болып саналады. Өнегелі отбасы арқасында мемлекет те өркендейді, халықтың әл-ауқаты да жақсарады. Өйткені, тәрбие отбасынан басталады. Оны ешқандай мектеп алмастыра алмайды. Қылықты қыз, ұранды ұл тәрбиелеу үшін ұрпағымызға тал бесіктен адалдық, сүйіспеншілік, мейірімділік сыйлауымыз керек. Бала естігенін емес, көргенін жасайды емес пе. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»-демекші мектеп, ата-ана, оқушы болып жұмыла жұмыс жасағандықтан апталық жоғары деңгейде өтті.

  «Шығармашыл отбасы» әдеби поэзиялық кеште мектеп директорының міндетін атқарушы Жумакулова Әсия Мақсұтқызы апталыққа белсене қатысқан ата-аналарды марапаттап , мектебіміздің әдіскері Мукушева Айжан Калелқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сүлеймен Елдос Төлегенұлы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Төкенова Арайлым Жұмабекқызы алғыстарын білдірді.

  Ұрпағымыз терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын рухани бай, білімді, тәрбиелі азамат болсын десек; көздеген мұрат-мақсаттарына қол жеткізіп, армандары орындалсын десек; келешегі кемел, болашағы нұрлы болсын десек мектеп пен ата-ана болып береке-бірлікте селбесіп жұмыс жасайық дегім келеді.


Отаны бар біледі,

Отбасы – бақыт мекені.

Бала деген бір үйдің

Тілегі мен жүрегі.

Отбасы – тәрбие ордасы,

Діңгегі – ата-әжелер.

Қазынасы, байлығы

Жақсылыққа жол сілтер.

Отбасы – байлық ортасы,

Тірегі оның ата-ана.

Үлгілі болса үлкендер,

Тәртіпті болар бар бала.

Бойында жігер, күш, ынта

Оянады балада,

Мектеппен біте қайнасып

Жүрсе егер ата-ана.

 

Отбасы – бақыт мекені


Отбасы – бақыт мекені


Отбасы – бақыт мекені


Отбасы – бақыт мекені


Отбасы – бақыт мекені


Отбасы – бақыт мекені


Отбасы – бақыт мекені


Отбасы – бақыт мекені


Отбасы – бақыт мекені


Отбасы – бақыт мекені


[thumb]http://42-semey.mektebi.kz/uploads/posts/2019-12/1575365725_img_2711-03-12-19-09-21.jpg[/thumb

]

Отбасы – бақыт мекені


Отбасы – бақыт мекені


Отбасы – бақыт мекені


Отбасы – бақыт мекені


Отбасы – бақыт мекені


Отбасы – бақыт мекені


Отбасы – бақыт мекені