Тарих апталығы » Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің "Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-78-58
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-94-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
декабрь
2023

Тарих апталығы

Тарих апталығы

Тақырыбы: Тарих тереңінен – болашақ биігіне»
Апталық мақсаты: Оқушыларға өткен тарихы туралы мәлімет беру, тарих сабақтарының маңыздылығын ұғындыра білу, тарихи тұлғаларды таныту, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту.
11.12.23-15.12.23 күндері аралығында «Тарих тереңінен – болашақ биігіне» атты тарих апталығы өткізілді. Апталықтың барысында 5-11 сыныптар арасында «Көңілді үзіліс» ұйымдастырылып, еліміздің дамуына үлес қосқан ұлы тұлғаларға арналған атаулы даталар, тарих толқынындағы тұлғаларды тануға арналған «Тұлғаны тани білесің бе?» атты танымдық және «Сан сұрақ, бір жауап» атты викториналық ойындар, пазл құрастыру, 8-9 сыныптар арасында «Тарих – ғасырлар куәсі» атты интеллектуалдық тарихи-танымдық ойындар, 11 сыныптарға «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты тәрбие сағаты, 7-10 сыныптар арасында «Елімнің бақытын тербеткен –Тәуелсіздік» атты мерекелік кештер ұйымдастырылып, апталықтың жабылуында белсенді оқыушылар мен сыныптар марапатталды.
Сонымен қатар, 15.01.-19.01 аралығында тарих пәні мұғалімдерінің «Lesson study» сабақты зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Тақырыбы: «Тарихи сананы қалыптастыру арқылы, оқушылардың ауызша сөйлеу және іздену ынтасын қалай арттыруға болады?»
Мақсаты: Тарих пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.
Тарих пәнінің мұғалімдерінің бірінші зерттеу сабақтары: М.С. Кеңесбаева «Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы», С.Д.Куттыбаева «Қазақстандағы моңғол шапқыншылығы»,
Б.Ш.Дугалиева «Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы индустрияландыру»,
Екінші зерттеу сабақтары:
М.С Кеңесбаева «Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы», С.Д.Куттыбаева «Моңғол шапқыншылығының салдары», Б.Ш Дугалиева «Қазақстандағы ұжымдастыру»,
Үшінші зерттеу сабақтары:
М.С.Кеңесбаева «Қайта құру» жылдарындағы Қазақстандағы демократиялық процестер, С.Д.Куттыбаева «Қазақстан аумағында ұлыстардың құрылуы», Б.Ш Дугалиева «Қазақстандағы ұжымдастыру»
«Lesson Study» үдерісі мұғалімге әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға, сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдерге инновациялық педагогикалық тәсілді жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Әр кезеңде ұйымдастырылған іс-шаралар оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыра, функционалды сауатты, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, жаһандану үрдісіне сай тұлға қалыптастыруға жағдай жасайды.