01
ноябрь
2021
"Семей ядролық полигоны: кеше және бүгін" атты тарих пәнінен сабақ
Биыл Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл толып отыр. Осыған орай мектеп кітапханасында "Семей ядролық полигоны: кеше және бүгін" атты тарих пәнімен байланысты кіріктірілген сабақ өткізілді. Кіріктірілген сабақ барысында Семей полигонына қатысты бейнежазба көрсетіліп және қазақ жазушылары, Елбасының еңбектерінен 40 жыл ажал отын шашқан полигон және оның зардаптары т.б туралы көптеген түрлі деректер келтіріліп, талқыланды.






