08
май
2025
"Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" мектепаралық сайысы өтті.
“Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де 08.05.2025ж мектепаралық “Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” сайысы өтті. Сайысқа №48, №20, №35, №42 мектептің 8,9,10 сынып оқушыларынан құралған командалар қатысты.Сайысты мектеп директоры Жумакулова А.М. құттықтау сөзімен ашып, сайыскерлерге сәттілік тіледі.Сайыс мақсаты: оқушылардың білік, білім дағдыларын сарапқа сала отырып, танымдық деңгейлерін арттыру, ой-өрістерін кеңейтіп бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу . Өз білімдерін ортаға салған оқушылар арасындағы сайыста 1- орын 42 мектеп командасы, 2- орынды 48 мектеп командасы, 3- орынды 20 мектеп командасы иеленді.Жарысқа қатысушыларға алғыс айта отырып, командаларды жинақтап жіберген мектеп директорларына алғысымыз шексіз. Мұндай сайыстардың берері мол екені даусыз.
#біртұтастәрбиесемей
#біртұтас_тәрбие_абай_облысы


#біртұтастәрбиесемей
#біртұтас_тәрбие_абай_облысы


