Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-78-58
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-94-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
сентябрь
2025

“Мектебім - мейірім мекені” алғашқы қоңырау мерекесі

1 қыркүйек - Білім күні. Бұл күн әр баланың көкірегіне нұр құйылған, әр ұстаздың жүрегі тебіреніп, көңіл шарықтаған, әр ата - ананың мерейі өсе түскен нағыз қуанышты күн.
Мектебімізде “Мектебім - мейірім мекені” тақырыбында 1,9-11 сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. Мектеп директоры Жумакулова Асия Максутовна ұрпақты тәрбиелеуде жеткен жетістіктері мен кәсіби шеберліктері үшін және 1-қыркүйек білім күніне орай құттықтау лебіздері айтылды. Оқушыларымыз шарықтатып ән шырқап, мың бұралып билеп өнерлерін ортаға салды. Және мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз алғашқы қоңырау соқты. Салтанатты іс-шараның мақсаты: Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында оқушылар бойында білім алудың басымдығы мен маңыздылығын және оқуға деген жағымды көңіл-күй,оң көзқарас қалыптастыру.