22
февраль
2026
Жас педагогтердің кәсіби қалыптасуына арналған семинар-коучинг өтті
«Білім беру саласында жас мамандардың бейімделуі мен кәсіби қалыптасуы» атты семинар-коучинг
Білім беру ұйымында жас педагогтердің кәсіби ортаға бейімделуі мен шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында «Білім беру саласында жас мамандардың бейімделуі мен кәсіби қалыптасуы» атты семинар-коучинг ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның басты мақсаты – тәжірибелі ұстаздардың жас педагогтерге бағыт-бағдар беріп, әдістемелік қолдау көрсетуі, олардың кәсіби сенімділігін арттыру және заманауи білім беру талаптарына сай жұмыс істеуіне ықпал ету.
Семинардың міндеттері:
Жас мамандарға жан-жақты әдістемелік және психологиялық қолдау көрсету;
Олардың кәсіби дамуына қажетті ресурстарды айқындау;
Зертханалық жұмыстарды тиімді жоспарлау жолдарын көрсету;
Сабақ құрылымын дұрыс құруға машықтандыру;
Оқытудағы заманауи әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолдануға бағыт беру.
Семинар барысында тәжірибелі ұстаздар өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, жас мамандарға сабақ жоспарын құрудың тиімді жолдарын түсіндірді. Қатысушылар зертханалық жұмыстарды ұйымдастырудың кезеңдерімен танысып, мақсат қою, күтілетін нәтижені анықтау, бағалау критерийлерін әзірлеу сынды маңызды мәселелер төңірегінде пікір алмасты.
Коучинг форматында өткен іс-шарада топтық жұмыстар, практикалық тапсырмалар және кері байланыс ұйымдастырылды. Жас педагогтер сабақтың кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерін тиімді жоспарлау, оқушылардың белсенділігін арттыру әдістерін таңдау, саралап оқыту тәсілдерін қолдану бағытында тәжірибе жинақтады.
Семинар соңында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, кәсіби қоғамдастық аясында бірлескен жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Мұндай іс-шаралар жас мамандардың педагогикалық шеберлігін шыңдап қана қоймай, олардың өз мамандығына деген сенімін арттырып, білім беру сапасын көтеруге оң ықпал етеді.