13
март
2026
Көрісу күні – сыйластық пен бірліктің мерекесі
Бүгін мектебімізде ерекше әрі жүрекке жылы Көрісу күні аталып өтті. Бұл күн – адамдардың бір-бірімен амандасып, өткен реніштерді ұмытып, ақ тілектер айтып, сыйластық пен құрметті жаңғыртатын тамаша дәстүр.
Мектебіміздің үлкен ұстаздары шашу шашып, барша ұстаздар мен оқушыларды қуана қарсы алды. Бұл көрініс мерекенің шырайын кіргізіп, бәрімізге ерекше көңіл күй сыйлады. Ұстаздар мен шәкірттердің бір-біріне жылы лебіз білдіруі – ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық дәстүрдің жалғасы екенін тағы бір мәрте көрсетті.
Көрісу күні – тек амандасу ғана емес, бұл адамдардың бір-біріне деген құрметін арттырып, татулық пен бірлікті нығайтатын маңызды дәстүр.
Баршаңызға амандық, бірлік, береке тілейміз!