21
апрель
2023
07.04.2023 жылы «Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-де ХХІҮ Республикалық Абай оқуларының қалалық кезеңі болды
07.04.2023 жылы «Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-де ХХІҮ Республикалық Абай оқуларының қалалық кезеңі болып өтті. Абай оқуларына қала мектептерінен 100-ден аса оқушы қатысып, өз шығармашылықтарын ортаға салды. ХХІҮ қалалық Абай оқуларын Семей қаласы білім бөлімінің басшысы Булабаев Біржан Заманбекович ашып, байқау қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқаудың әнұранын орындаған оқушыларға Абай оқуларының әнұранының сөзін жазған, қазылар алқасының төрағасы, ақын, Республикалық «Абай» журналының редакторы Мұратбек Оспанов өз тарапынан ризашылығын білдіріп, байқаудың қорытындысын шығарды. Байқау ҮІ бағыт бойынша өте жоғары деңгейде өтті. Мектебімізден «Абайдың қара сөздері» бойынша қатысқан Бақтиярова Дильназ бен «Абайдың ақын шәкірттері бойынша» қатысқан Сұлтан Алмастың білімдері әділқазылар алқасы тарапынан да көрермендер тарапынан да жоғары бағаланып облыстық сайысқа жолдама алды. Ал эссе жазуға қатысқан Мейрамбекова Аружан ІІІ орын алса, өз шығармашылығын танытқан Серікбекова Тахмина ІІ орын алды. Оқушыларымыздың бәйгеден оза шауып келгені - ұстаздарының ерен еңбегі.





