

«Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 19 қыркүйек күні 9 «Ә» сыныбында тілдер айлығына байланысты «Көптілділіктің қажеттілігі, пайдасы мен кері әсері қандай?» тақырыбында Карл-Поппердің пікір сайыс әдісі бойынша ағылшын тілі мұғалімі А.К.Мукышева сыныптан тыс сабақ өткізді. Оқушылар тіл мәдениетін жақсартады және тілдерді қолдану мен дамытудың теориялық-тәжірибелік мәнін ұғына отырып, өз пікірлерін ұсынып, өз үлесін қосуда белсенділік көрсете білсе, әлеуметтік жағынан дамыған, ұшқыр, ұтымды ойлап, өзгенің пікірін сыйлап, тыңдай білетін саналы ұрпақ тәрбиелеу мұғалімнің негізгі мақсаты болып қойылған.