"Закладка" атты деректі фильм көрсетілді. » Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің "Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Мектебімізде 9-11 сынып оқушыларына прокуратураның қызметкерлерінің қатысуымен есірткі қылмысы және құқықбұзушылыққа байланысты түсіндірме жұмысы өткізілді. Кездесу барысында "YouTube" желісінен "Закладка" атты деректі фильм көрсетілді. Мақсаты: есірткі заттарын пайдаланудың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру.