23
январь
2025
Мектепішілік ата-аналар жиналысы


Жиналыс барысында мектеп әкімшілігі:
• І жарты жылдықтын жұмыс қорытындысы есебі
• Түлектерді қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындау
• Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын алу, балалардың қауіпсіздігі
• Мектептің тамақтану сапасы жөніндегі бракераж комиссиясының есебі бойынша ақпарат берді, ал ата-аналар баласының жетістіктері мен қиындықтарын талқылап, өз ұсыныстарын білдіре алды. Осындай ашық диалог баланың жан-жақты дамуына оң ықпал етіп, мектеп пен ата-аналардың ортақ мақсатқа жетуіне көмектеседі.
Ата-аналар жиналысын тек ресми жиын ретінде емес, баланың болашағына бағыт-бағдар беретін маңызды кездесу ретінде қарастырған жөн. Белсенді қатысып, пікір алмасу арқылы әр ата-ана өз баласының білім жолындағы сенімді тірегіне айнала алады.