
10 ақпан күні мектеп кітапханасында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығына арналған “Жаны нәзік, Өлеңдері сыршыл ақын - Тұманбай Молдағалиев” атты 5 “Ә” сынып оқушылары арасында поэзия сағаты өтті. Ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталып, сондай ақ Тұманбай Молдағалиевтің Қазақстан Республикасының алғашқы мемлекеттік әнұраны мәтінінің авторы болғаны аталып өтілді