12
февраль
2025
Құқықбұзушылықтың алдын алу туралы


Кездесу барысында 8-11 сынып оқушыларымен құқық бұзушылық пен қылмыстылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әңгіме барысында жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік, ұрлық, бопсалау, төбелес, «Буллинг және кибербуллинг», зиянды заттарды қолданбау, нашақорлықтың алдын алу мәселелері жан-жақты талқыланды.
Мектеп әкімшілігі мен әлеуметтік педагогтың қатысуымен тәртіпсіздік, ұрыс-төбелес және әлімжеттікке қатысты профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, оқушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің баптары бойынша құқықтық түсінік берілді.