Семинар тренинг өтті. » Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің "Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-78-58
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-94-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
апрель
2025

Семинар тренинг өтті.

2025 жылдың 18 сәуір күні «BR24992828 Орта білім жағдайында психологиялық тұрғыдан қауіпсіз білім беру ортасын құрудың тұғырлары мен механизмдері» жобасы аясында жанында интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектеп КММ-де педагогика және психология кафедрасының доцент м.а. PhD докторы Ш.О. Орынгалиева “Менің траекториям: креативтілік, шекара және тұлғалық еркіндік” тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтердің өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі тану, тұлғалық даму, шығармашылық ойлау және ішкі еркіндікке қол жеткізу бағытындағы дағдыларын дамыту болды.
Тренинг барысында қатысушылар: жеке тұлғаның шекараларын сезіну мен орнатудың психологиялық аспектілерімен танысты; креативті ойлауды дамытуға арналған практикалық жаттығулар орындады; тұлғалық еркіндікті арттыру жолдарын зерттеді; эмоциялы интеллект пен өзіндік рефлексия дағдыларын жетілдірді.
Тренинг интерактивті форматта өтіп, топтық жұмыс, арт-терапия элементтері және коучингтік әдістер қолданылды. Қатысушылар өз ойларымен еркін бөлісіп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Қатысушылар тренингтен шабыт пен мотивация алып, өз тұлғалық даму жолында жаңа идеялар мен құралдарды меңгерді.