Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-78-58
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-94-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
Lesson study
14
апрель
2022
Lesson study
«Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де 2022 жылдың ақпан айының 14 – 25 аралығында бастауыш сынып  мұғалімдерінің «Lesson study» сабақты зерттеу жұмыстары бойынша онкүндік өткізілді. Онкүндіктің өту бағдарламасында сабақтарда оқу қызметінің әр түрлі әдіс-тәсілдері қолданылды, саралауға негізделген ұжымдық және жеке, топтық  жұмыс түрлері үйлесім тапты. Оқушыларда пәндер бойынша жас ерекшеліктеріне сай білім, білік, дағдыларын көрсетті. Онкүндік бойы
Алғыс жәшігі
14
апрель
2022
Алғыс жәшігі
1 - наурыз алғыс айту күніне арналған  «Алғыс жәшігі».  Мектеп  оқушылары  өзерінің ата-аналарына, ұстаздарына,  мектеп ұжымына, отбасына, достарына және т.б. деген ыстық ықыластарын, алғыстары мен ризашылықтарын хат жазу  арқылы жеткізіп «Алғыс жәшігіне» салды.
"Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт" атты жоба
14
апрель
2022
"Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт" атты жоба
"Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт" атты жоба сы аясында "Дүниежүзілік дауыстап оқу күніне" орай өткізілген шараға ұстаздарда қатысты.
"Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт" атты жоба
14
апрель
2022
"Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт" атты жоба
" Мектеп жанындағы интернаты бар 42 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ мектеп кітапханасында "Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт" жобасы аясында пән мұғалімдері мен интернат тәрбиешілері оқушыларға еліміздің үздік классиктерінің, қазіргі заманғы ақын-жазушыларының және әлем әдебиетінің үздік жауһарларымен таныстырды. Мақсаты: оқушылардың оқу сауаттылығын, оқу құзыреттілігін дамыту.
Тоғызқұмалақтан жолдастық кездесу
14
апрель
2022
Тоғызқұмалақтан жолдастық кездесу
24.02.2022 жылы мектептегі тәрбие жұмысы жоспары аясында қала мектептері арасындағы байланысты нығайту, салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында 41 мектеп пен 42 мектеп оқушылары арасында  Тоғызқұмалақ ойынынан жолдастық кездесу өтті. Қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
"Алғыс айту-  парызым!" атты Смарт минут
14
апрель
2022
"Алғыс айту- парызым!" атты Смарт минут
"Алғыс айту -  парызым!" атты смарт минутты ө ткізгендер:    0 "А" сынып оқушылары. 0 "Б" сынып оқушылары.  3 "Ә" сынып оқушылары.  4 "А" сынып оқушылары.  4 "Ә" сынып оқушышары.  6 "Ә" сынып оқушылары.   7 "А" сынып оқушылары.  8 "Ә" сынып оқушылары.    9 "А" сынып оқушылары.  10 "А" сынып оқушылары. 
«Тілі білімі және Ахмет» атты тілдер апталығы
14
апрель
2022
«Тілі білімі және Ахмет» атты тілдер апталығы
7.02-11.02.2022 жылы мектебімізде «Тілі білімі және Ахмет» атты Тілдер апталығы болып өтті. Апталық аясында қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәні мұғалімдері  ашық сабақтар ғана өткізіп қойған жоқ, үштілділікті дамыту мақсатында әр түрлі іс-шаралар өткізілді. 3 тілде мақал-мәтелдер сайысы, 3 тілде сұрақ-жауаптар бәйгесіне оқушылар қызыға қатысты. Сондай-ақ,  А.Байтұрсынов, М.Мақатаев, О.Бөкей шығармашылығы бойынша өткізілген шығармашылық кеш, оқырмандар конференциясы оқушылардың әдебиетке,
«Әкем, шешем және мен» атты сайыс
14
апрель
2022
«Әкем, шешем және мен» атты сайыс
Мектепішілік тәрбие жоспары аясында ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, салауатты  өмір салтын насихаттау мақсатында 4-7 сынып aта -аналары мен оқушыларының қатысуымен өткен «Әкем, шешем және мен» атты сайыс өтті.  Отбасылық сайысқа демеушілік  көрсеткен  Ахметжанов  Серік Жудубаевичке және мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мырзабеков  Батырбек Жұртыбековичке алғыс білдіреміз!  
"Балалардың жолдағы қауіпсіздігі" атты сынып сағаттар
18
февраль
2022
"Балалардың жолдағы қауіпсіздігі" атты сынып сағаттар
14-23 ақпан аралығында өтіп жатқан "Балалардың жолдағы қауіпсіздігі"  жедел алдын алу шаралары аясында оқушылар үшін  жолда жүру ережесі бойынша ұсынылған  мультфильмдерді көрсете отырып, барлық сыныптарға  бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.