Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бос орын » Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің "Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-78-58
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-94-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
ноябрь
2024

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бос орын

Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің
«Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары бос орнына конкурс жариялайды

Конкурс жарияланған лауазым атауы: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (1 бірлік) .
Конкурсты өткізу орны мен мерзімі: Абай облысы, Семей қаласы, Мұхтар Әуезов Даңғылы , 112.
Байланыс телефоны: 32-78-58
Электрондықмекен-жайы : semey_sh42@mail.ru
Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны: 04.11.2024ж. – 13.11.2024ж. күндері аралығында Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі»» КММ.
Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім «Enbek.kz» сайтында, Абай облысы білім басқармасының «Семей қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сайтында конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 7 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады (құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі).
Көрсетілетін қызметті берушіден өтінішті қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:
- жоғары педагогикалық немесе бейіні бойынша білім және педагогикалық жұмыс өтілі болуы тиіс.
- Оқытушылық қызметін жүзеге асыру кезінде қосымша «педагог сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілігінің болуы.
- Компьютерде жұмыс жасай білуі және құжаттарды даярлауға арналған бағдарламаларды қолдана білуі.

Лауазымдық міндеттері:
- тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
- тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;
- аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады;
- тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді;
- тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;
- педагогтарды іріктеуге қатысады, кәсіби даму, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
- тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;
- білім беру процесінің барлық қатысушыларының толерантты мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз етеді;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді;
- мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
- білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады;
- тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
- киберкультураны (компьютерлік технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланады) және кибергигиенаны дамытады (интернет желісінде жұмыс істеу дағдылары мен білімі бар);
- білім алушылардың, педагогтердің конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді;
- кәсіптік бағыт беру жұмыстарын жүргізеді;
- есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;
- ата-аналар үшін педагогикалық консилиумдар ұйымдастырады және өткізеді;
- мектеп парламентінің, дебат қозғалысының, оқушылардың өзін-өзі басқаруының, "Жас қыран", "Жас ұлан" балалар ұйымдарының жұмыстарын ұйымдастырады;
- "Қоғамға қызмет ету", "Отанға тағзым", "Үлкендерге құрмет", "Анаға құрмет" қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.;
- білім беру ұйымдары түлектерінің қауымдастығын құру және қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;
- педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасайды;
- білім беру ұйымы мұражайының жұмысын ұйымдастырады;
- туристік жорықтар мен экскурсиялар ұйымдастырады;
- білім алушылардың бойында патриоттық тәрбие, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
- білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Білуге тиіс:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
- педагогика және психология негіздері;
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
- педагогикалық этиканың нормалары;
- экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 қарашада № 25349 болып тіркелді.
Құжаттар тізімі:
Конкурсқа Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген тізім бойынша құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады.
1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9)Сотталғандығыболуы не болмауытуралыанықтама;
10) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
11) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.


Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымдарға тағайындау,
лауазымдардан босату
қағидаларына
15-қосымша
Нысан
____________________________
Конкурс жариялаған
мемлекеттік орган
_______________________________________________________________
(үміткердің Т.А.Ә. (бар болса)), ЖСН
_______________________________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Нақты тұрғылықты жері, тіркелген мекен-жайы, байланыс телефоны
Өтініш
Мені бос/уақытша бос лауазымдық конкурсқа қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын
(қажетінің астын сызыңыз)
_______________________________________________________________
білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл)
Қазіргі уақытта жұмыс істеймін
_______________________________________________________________
білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл)
Өзім туралы келесіні хабарлаймын:
Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейін
Оқу орнының атауы Оқыту кезеңі Диплом бойынша мамандық









Біліктілік санатының болуы (беру (растау) күні):
_____________________________________________________________
Педагогикалық жұмыс өтілі: ____________________________________
Келесі жұмыс нәтижелері бар:___________________________________
Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса)
___________________________________________________________
Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.
Кандидаттардың құжаттарының біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес бағалау парағында көрсетілген балдарды есептеуді жүзеге асырады.

Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
Қағидаларына
16-қосымша
Нысан
Бос немесе уақытша бос педагог лауазымына үміткердің бағалау парағы
___________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
№ Өлшемшарттар Растайтын құжат Балл сандары
(1-ден 20-ға дейін)
1. Білім деңгейі Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері Техникалық және кәсіби = 1 балл
Жоғары күндізгі = 2 балл
Жоғары күндізгі үздік= 3 балл
Магистр = 5 балл
2. Ғылыми/академиялық дәрежесі Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері PHD-доктор = 10 балл
Ғылыми доктор = 10 балл
Ғылыми кандидат = 10 балл
3. Жұмыс өтілі жоқ үміткерлер үшін сертификаттау Сертификат "Педагог" біліктілік санаты - 5 балл
4. Біліктілік санаты Жеке куәлік, басқа құжат Екінші санат = 1 балл
Бірінші санат = 2 балл
Жоғары санат = 3 балл
Педагог-модератор = 3 балл
Педагог-сарапшы = 5 балл
Педагог-зерттеуші = 7 балл
Педагог-шебер = 10 балл
5. Әкімшілік және әдістемелік қызметтегі жұмыс тәжірибесі Еңбек кітапшасы/еңбек қызметін растайтын басқа да құжат Әдіскер (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 1 балл
Директордың орынбасары (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 3 балл
директор (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 5 балл
6. Алғаш рет жұмысқа тұрған педагогтер үшін Білімі туралы дипломның қосымшасы Педагогикалық/ кәсіби тәжірибенің нәтижелері
"өте жақсы" = 1 балл
"жақсы" = 0,5 балл
7. Бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан ұсыныс хат Ұсыныс хат (Конкурсты өз бетінше жариялаған білім беру ұйымы соңғы жұмыс/оқу орны бойынша ұйымға/оқу мекемесіне өтініш жасайды) Оң ұсыныс хатының болуы = 3 балл
Теріс ұсыныс хатының болуы = минус 3 балл
8. Кәсіби жетістіктерінің көрсеткіштері - дипломдар, білім алушылардың олимпиадалар және конкурстар, ғылыми жобалар бойынша жеңімпаздардың грамоталары;
- дипломдар, мұғалімнің олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздарының грамоталары;
- мемлекеттік награда олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары = 0,5 балл
ғылыми жобалардың = 1 балл
олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары - 3 балл
"Үздік педагог" конкурсына қатысушы = 1 балл
"Үздік педагог" конкурсының жеңімпазы = 5 балл
"Қазақстан еңбек сіңірген ұстазы" медаль иегері = 10 балл
9. Әдістемелік қызметі -авторлық шығармалары, басылымдары ҚР ОАМ тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 5 балл
РОӘК тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 2 балл
БССҚЕК, Scopus тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы - 3 балл
10. Қоғамдық-педагогикалық қызметі Қоғамдық-педагогикалық қызметін растайтын құжат тәлімгер = 0,5 балл
ӘБ басшылығы = 2 балл
Екі тілде сабақ беру, орыс/қазақ = 2 балл
шетел/орыс немесе шетел/қазақ = 3 балл,
үш тілде сабақ беру (қазақ, орыс, шетел) = 5 балл
11. Курсқа дайындық - пәндік дайындық сертификаттары;
- цифрлық сауаттылық,
КАЗТЕСТ,
IELTS;
TOEFL;
DELF сертификаттары;
Goethe Zertifikat, "Python тілінде бағдарламалау негіздері" бағдарламалары бойынша оқыту, "Microsoft"
Курсера жұмыстарына оқыту
Халықаралық курстар:
TEFL Cambridge
"CELTA
(Certificate in Teaching English to Speakers of Other Languages)"
CELT-P (Certificate in English Language Teaching – Primary)
DELTA (Diploma in Teaching English to Speakers of Other Languages)
CELT-S (Certificate in English Language Teaching – Secondary)
""TKT
Teaching Knowledge Test"
Certificate in EMI Skills (English as a Medium of Instruction)
Teacher of English to Speakers of Other Languages (TESOL)
"TESOL"
Certificate in teaching English for young learners
International House Certificate in Teaching English as a Foreign Language (IHC)
IHCYLT - International House Certificate In Teaching Young Learners and Teenagers
Becoming a Better Teacher: Exploring Professional Development
Assessment for Learning: Formative Assessment in Science and Maths Teaching
Online Teaching for Educators: Development and Delivery
Educational Management
Key Ideas in Mentoring Mathematics Teachers
Курсы на платформе Coursera, Futute learn
Teaching Mathematics with Technology
Special Educational Needs
"Developing expertise in teaching chemistry " ПШО, НЗМ, "Өрлеу" курстары
= 0,5 балл
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына сәйкес тізбеге енгізілген біліктілікті арттыру ұйымдары іске асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30068 болып тіркелген)
= 0,5 балл (әрқайсысы бойынша жеке)
12. білім беру ұйымының түлегі, "Дипломмен ауылға!", "Серпін" мемлекеттік бағдарламаларының қатысушысы, Жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесі бойынша жіберілген педагог Мемлекеттік білім беру гранты иегерінің сертификаты, келісім-шарты 3 балл қосылады
Барлығы: