Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-78-58
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-94-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
" Мен оқыған кітаптардан...." атты кітап көрмесі
30
декабрь
2021
" Мен оқыған кітаптардан...." атты кітап көрмесі
Мектеп кітапханасында "Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт" жобасы аясында бастауыш сынып мұғалімі А.А. Джексембаева  4 сыныптармен " Мен оқыған кітаптардан...." атты кітап көрме ұйымдастырып, кітаптардың QR-кодтарын  жасап оқушыларға таныстырды. Оқушылар өздері оқыған қызықты кітаптарын әңгімелеп, өлеңдерін оқыды.  Мақсаты: оқушыларды балаларға арналған кітаптармен таныстырып, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
«Өмір неткен тамаша!» тақырыбында  тренинг
30
декабрь
2021
«Өмір неткен тамаша!» тақырыбында тренинг
19.11.2021 жылы мектеп психолгы  Н.Р.  Мейрханова  10 сынып оқушылары арасында   «Өмір неткен тамаша!» тақырыбында  тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: жақсы қасиетке үйретіп, жаман қасиеттен жирену арқылы адамгершілік сезімдерін дамыту.
Оқушылармен  сұхбат
30
декабрь
2021
Оқушылармен сұхбат
Әуезов ПБ ЖПҚБ ЮПБ полиция капитаны  Мақсұтқызы Арай мен мектеп психолгы Н.Р.  Мейрханова  бірлесіп оқушылармен  сұхбат өткізді.
«Мен өмір сүргім келетін әлем» тақырыбында тренинг
30
декабрь
2021
«Мен өмір сүргім келетін әлем» тақырыбында тренинг
22.11.2021жылы  мектеп психологы  Н.Р.  Мейрханова   7«А» сынып  Жас сарбаз оқушыларымен « Мен өмір сүргім келетін әлем» тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін –өзі дайындау, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым – қатынасқа түсу мәдениетін қалыптастыру.
Шаттық шеңбер
30
декабрь
2021
Шаттық шеңбер
"Мектеп жанындағы интернаты бар № 42 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ 2021 жылдың 23 қарашасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жалпыадамзаттық құндылықтар күнін өткізу аясында  педагогтар және ата-аналардың белсенді қатысуымен эпидеомиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтай  отырып, бастауыш сынып мұғалімдері коучинг, мектеп психологтары шаттық шеңберін өткізді.
«Жалпы адамзаттық құндылықтар – тұлғаны рухани адамгершілік тәрбиелеудің негізі» тақырыбында эссе жазу
30
декабрь
2021
«Жалпы адамзаттық құндылықтар – тұлғаны рухани адамгершілік
23 қараша жалпы адамзаттық құндылықтар күніне орай қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері 8-11 сынып оқушылары  арасында «Жалпы адамзаттық құндылықтар – тұлғаны рухани адамгершілік тәрбиелеудің негізі» тақырыбында эссе жазу байқауын ұйымдастырды.
"Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт" атты жоба
30
декабрь
2021
"Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт" атты жоба
Мектебімізде "Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт" жобасы аясында ата-аналардың, оқушылардың  кітапқа деген құштарлығын арттыру мақсатында кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрмеде еліміздің үздік классиктерінің, шетелдік әлем әдебиетінің, қазіргі заманғы ақын-жазушылардың еңбектері таныстырылды.
"Оқуға құштар мектеп -оқуға құштар ұлт" атты жоба
30
декабрь
2021
"Оқуға құштар мектеп -оқуға құштар ұлт" атты жоба
"Оқуға құштар мектеп -оқуға құштар ұлт" жобасы аясында бастауыш сынып мұғалімі  Г. Т.Қарашева Ж.Смақовтың еңбектерін оқушыларға таныстырды. Ақынның еңбегіндегі жаңылтпаш, жұмбақтар айтылып, балаларға арналған түрлі ойындар ойнатылды.  
"Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт" атты жоба
30
декабрь
2021
"Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт" атты жоба
Мектеп кітапханасында "Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт" жобасы аясында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Ж. Буланова  Я.Л.Вишневскийдің "Желідегі жалғыздық" еңбегі бойынша оқушыларға әдеби сағат өткізді. Мақсаты: жазушының өмірі мен шығармашылығын насихаттап, кітап оқуға баулу.