01
апрель
2025
Жакула Күшік атындағы аймақтық олимпиада жеңімпазы
Қаламызда өткен Ж.Күшікұлы атындағы химия, биология пәндерінен болған аймақтық олимпиадаға "Мектеп жанындағы интернаты бар №42 ЖОББМ" КММ-нің 9 а сынып оқушысы Конушпаева Айяжан қатысып, жеңімпаз болды. Айяжан- жан- жақты білімімен сан түрлі додаларға қатысып, мектеп мақтанышына айналған үлгілі шәкірт. Оқушыны биікке жетелеген химия пәнінің мұғалімі Каупбаева А.К- ның еңбегі зор, Мұғалімге шығармашылық табыстар, оқушының әлі де биік шыңдарды бағындыра беруін тілейміз.
