28
февраль
2020
Әсерлі кездесу
Әсерлі кездесу
26 ақпан 2020 жылы «№42 жанында интернаты бар ЖОББМ» КММ-де арнайы мамандандырылған 5 «А» «Жас сарбаз» сыныбымен Ауған соғысының ардагері, жерлесіміз Мәжікенов Тұрсынғазы ағамызбен кездесу өтті. Тұрсынғазы аға оқушыларға сол сұрапыл жылдардағы Кеңес жауынгерлерінің ерліктері мен адамгершіліктері жайында сыр шертті. Оқушылар ардагер ағамызға бірнеше сұрақтар қойды.
- Тұрсынғазы аға, сіз Ауғанстанға қалай бардыңыз?
- Мен 1962 жылы Восточно-Казахстанская область, Уржар ауданы, Мақаншы ауылында дүниеге келдім. 1979 жылы орта мектепті бітірдім. 1980 жылы армия қатарына шақырылып, Эстония еліне аттандым. Алты ай өткеннен кейін азаматтық борышымды атқаруға Ауған жеріне жіберді.
- Онда соғысты жиі көрдіңіз бе?
- Мен ондай соғысқа бірнеше рет қатыстым. Ең бірінші рет барған бетте, ойламаған жерден қатыстым. Біз бірнеше солдат тау ішімен келе жатқанбыз кенет душмандар көріп қалып, бізді атқылай бастады. Мен алғашқы да оқтың астына қалғанымызды байқамай қалдым. Біз де оларды атқылай бастадық. Ұрыс тез аяқталды. Мен осыдан кейін ғана соғысқа кіргенімді түсіндім.
- Сіз соғыста кім болдыңыз?
- Мен соғыста жүргізуші болдым. Жүргізуші болу - өте қауіпті. Соғыс жағдайында машина колоннасы оқтың астына, минаға жиі түсіп тұратын. Моджахеттер бізге үнемі түнде шабуыл жасайтын. Міне, сол кезде атысуға тура келетін.
- Бұл соғыс өміріңіз де қандай із қалдырды?
- Ауған соғысы мен үшін үлкен өмір мектебі болды. Жалпы адамзат баласы сұрапыл соғысқа қарсы. Бейбіт өмір бәрінен де қымбат. Мен еліміздің іргесі аман, тыныштық болса екен деп тілеймін.
Кездесу соңында 5 «А» «Жас сарбаз» сыныбының оқушылары ардагер ағаларына арнап әсем ән салып, би билеп, өздерінің әскери дайындықтарын көрсетті. Соңынан оқушылар қаламыздағы Ауған соғысының ардагерлеріне арналған Семей қаласының облыстық мұражайына саяхат жасады.









