Абай облысы білім басқармасының
Municipal public institution
"Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Semey district
Reception room :
+7(7222) 32-78-58
bookkeeping:
+7(7222) 32-94-99
Version for
visually impaired
Жаратылыстану-математика онкүндігі: ғылымға бастар жол
18
October
2025
Жаратылыстану-математика онкүндігі: ғылымға бастар жол
06.10.2025-17.10.2025 аралығынла жаратылыстану-математика бірлестігінің онкүндігі болып өтті. Тақырыбы:Жаратылыстану-математикалық білім ғылымға бастар жол Мақсаты: Оқушылардың жаратылыстану - математика пәндеріне деген қызығушылығын арттыру.ЖИ-ді оқу процесіне тиімді қолданудың жолдарын анықтау. Апталық барысында «Lesson Study» зерттеу сабақтары өткізілді.
«Күз-шабыттың шаһары»  алтын күз мерекесі
17
October
2025
«Күз-шабыттың шаһары» алтын күз мерекесі
«Күз-шабыттың шаһары» тақырыбында МАДТ,1-4 сыныптар арасында күз мерекесі өз деңгейінде тойланды.Сынып оқушылары «Күзгі дефиледе» өз қолдарынан жасалған киім үлгілерін көрсетіп, ән шырқап, би биледі. Оқушылардың өзін-өзі ұстау мәдениетін, сахнада еркін сөйлеу дағдысын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды. Нәтижесінде оқушылардың өнерге, сән мен сұлулыққа қызығушылығы артты. Ұжымдық жұмыс пен бір-бірін қолдау сезімі күшейді. Ең белсенді қатысушылар марапатталды.
«Күз сыйы-еңбек жемісі» тақырыбында 5-7 сыныптар арасындағы жәрмеңке
14
October
2025
«Күз сыйы-еңбек жемісі» тақырыбында 5-7 сыныптар арасындағы жәрмеңке
«Күз сыйы-еңбек жемісі» тақырыбында 5-7 сыныптар арасында жәрмеңке ұйымдастырылды.Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа, бірлік пен өзара көмекке тәрбиелеу, сондай-ақ адал еңбектің қадірін ұғындыру, өз қолымен жасалған өнімнің құндылығын сезіндіру болып табылады. Сонымен қатар, оқушылар мен ата-аналарды мектеп өміріне белсенді қатысуға тарту және қайырымдылық рухын қалыптастыру да басты бағыттардың бірі болды. Шара барысында әр сынып өз қолымен әзірлеген тағамдар, тәтті
«Педагогикалық идеялар понорамасы» республикалық байқауының аймақтық кезеңі
14
October
2025
«Педагогикалық идеялар понорамасы» республикалық байқауының аймақтық
Педагогтердің кәсіби өсуін  ынталандыру, инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату мақсатында «Педагогикалық идеялар понорамасы» республикалық байқауының аймақтық кезеңі қыркүйек айының басында өтті. Осы байқаудың «Экологиялық сауаттылық» аталымында мектебіміздің мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі Советбекқызы Аманғайша ІІ орын мектебіміздің мәртебесін арттырды. Мұғалімге кәсіби шығармашылық табыстар тілейміз.