Schoolchildren achievement » Абай облысы білім басқармасының Municipal public institution "Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"Education Department of Semey district.
Абай облысы білім басқармасының
Municipal public institution
"Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Semey district
Reception room :
+7(7222) 32-78-58
bookkeeping:
+7(7222) 32-94-99
Version for
visually impaired
"Кәмен оқулары" жеңімпазы
16
May
2025
"Кәмен оқулары" жеңімпазы
Аймақтық "Кәмен оқулары" байқауына қатысып,  жазушының өмірі мен шығармашылығы бойынша ғылыми жоба қорғаған мектебіміздің 9 сынып оқушысы Конушпаева Айяжанның  2- орын алуы - мектеп үшін үлкен жетістік. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Назирова Жанар Назарбековнаның  жазушы шығармаларын насихаттаудағы еңбегін бағалай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз.
"Шәкәрім білім гранты" сертификатының иегері атанды.
26
April
2025
"Шәкәрім білім гранты" сертификатының иегері атанды.
26.04.2025 жылы 11"А" сынып оқушысы Байтокова Мадина "Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті" КеАҚ өткен "Сурет" номинациясы бойынша облыстық олимпиадаға қатысып, "Шәкәрім білім гранты" сертификатының иегері атанды. Жетекшісі: Даутова Ғ.А. Құттықтаймыз!
Халықаралық байқау жеңімпазы
02
April
2025
Халықаралық байқау жеңімпазы
Алматы қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдер арасында ұйымдастырылған "JORGA FEST" халықаралық байқауында өнерімен дараланған үшін "Дәстүрлі ән" жанры бойынша 1 орын жүлдегері 7 "А" сынып оқушысы Құмарбек Айару марапатталды.
Жакула Күшік атындағы аймақтық олимпиада жеңімпазы
01
April
2025
Жакула Күшік атындағы аймақтық олимпиада жеңімпазы
Қаламызда өткен Ж.Күшікұлы атындағы химия, биология пәндерінен болған аймақтық олимпиадаға  "Мектеп жанындағы интернаты бар №42 ЖОББМ" КММ-нің 9 а сынып оқушысы Конушпаева Айяжан қатысып, жеңімпаз болды. Айяжан- жан- жақты білімімен сан түрлі додаларға қатысып, мектеп мақтанышына айналған үлгілі шәкірт.  Оқушыны биікке жетелеген химия пәнінің мұғалімі Каупбаева А.К- ның еңбегі зор, Мұғалімге шығармашылық табыстар, оқушының әлі де биік шыңдарды бағындыра беруін тілейміз. 
Әскери жарыс жүлдегерлері
17
March
2025
Әскери жарыс жүлдегерлері
"№49 ЖОББМ" КММ-де 22 наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған қалалық әскери- спорттық жарыста мектебіміздің командасы қатысып, командалық есепте жүлделі 3-ші орынды жеңіп алды. Мовлидинова Седа-арқаға жатып денені көтеруден жекелей сында 1-ші орын. Төкешов Әуез- қол күрестен жекелей сында 1 орын. Жетекшісі: Д.К. Казез