10
January
2021
"Атамекен" мұражайы
"Атамекен" мұражайы
№ 42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп" КММ «Атамекен» атты 2013 жылы құрылған өлкетану мұражайы бүгінгі күні 2020-2021 оқу жылына арналған жоспары негізінде өз жұмысын жүргізуде.
Оқушылардың бойына ұлттық құндылықтар мен отансүйгіш қасиеттерін қалыптастыру негізінде мектеп мұражайы қазіргі кезде онлайн режимде де және 1-4 кезекші сыныптар, мектеп кітапхана жетекшісімен де тығыз қарым-қатынаста. Жоспар негізінде қыркүйек-қазан айларында 1-4 сынып кезекші сыныптары Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл деген тақырыпта мектеп мұражайы және кітапханамен танымдық тәрбие сағаттары өткізді.
Қашықтан оқып жатқан 5-11 сыныптармен онлайн режимде мұражай жетекшісі А.Шидербаеваның жетекшілігімен мұражайдың 6 бөлімімен таныстырылып және 2020 жылғы атаулы күндер мен мерейтойлар туралы айтып өтілді.
