Абай мұраларын ұлықтайық!» атты байқау » Абай облысы білім басқармасының Municipal public institution "Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"Education Department of Semey district.
Абай облысы білім басқармасының
Municipal public institution
"Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Semey district
Reception room :
+7(7222) 32-78-58
bookkeeping:
+7(7222) 32-94-99
Version for
visually impaired
14
April
2022

Абай мұраларын ұлықтайық!» атты байқау

Абай өмірі мен  шығармашылығын  оқушыларға дәріптеу мақсатында наурыздың 16-cы күні «Абай мұраларын ұлықтайық!» атты бастауыш сынып оқушыларының мектепішілік Абай оқулары байқауы болып өтті. Байқауда 1-4  сынып оқушылары Абайдың әні мен өлеңін, қара сөздерін мәнерлеп, көркем оқудан сынға түсті. Нәтижесінде «Жүйріктен жүйрік озар» номинациясымен 1 «А»  сынып оқушысы Нұрали Бағжан, «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясымен Айқынова Айнамкөз марапатталды.   Бас жүлдені  4«Ә»  сынып оқушысы Санақбек Кәусар жеңіп алды.  I орынды 4 «А» сынып оқушысы   Құмарбек Айару жеңіп алса, II орынды 3«А» сынып оқушысы  Канакова Айлин қанжығалады. Ал III орынды  1 «Ә» сынып оқушысы Баттакова Аңсаған иеленді. Байқаудан оқушылар да көрермендер де үлкен әсер алып қайтты. Байқауды ұйымдастырған бастауыш сынып бірлестігі мен  М.М. Сексенбаеваға алғыс білдіреміз!