28
April
2025
Мектепішілік дебат өткізілді.
28.04.2025 жылы жоспарға сай дебат жетекшісі М.М Тұрысбекованың ұйымдастыруымен “Лидер”дебат клубы мүшелері арасында мектепішілік дебат өткізілді. Дебат жақтаушы және даттаушы топ болып бөлініп, 3 спикерден құралды. Пікірсайыста қаралған қарар: “Онлайн оқудың пайдасы мен зияны” тақырыбында болды. Тақырып қызу талқыланып, оппозиция тарапынан дәлел ретінде аргументтер көп келтірілді және жақтаушы топтың сөйлеу мәнері ерекше болды және ой еркіндігі байқалды. Екі жақта өз позициясын сақтап қалды. Дебат турнирінің мақсаты: облыстық пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау.






