Абай облысы білім басқармасының
Municipal public institution
"Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Semey district
Reception room :
+7(7222) 32-78-58
bookkeeping:
+7(7222) 32-94-99
Version for
visually impaired
Кәсіби бағдар олимпиадасындағы оқушылар жетістігі
05
November
2025
Кәсіби бағдар олимпиадасындағы оқушылар жетістігі
Кәсіби бағдар бойынша 05.11.2025 ж  ,,Шәкәрім университеті,,  КеАҚ  ,,Көлік  жүйелері және логистика,, мамандығы Абай облысының орта білім беру ұйымдары білім алушыларының  арасында облыстық олимпиадасы болып өтті.  Мектебіміздің 10 - сынып  оқушылары Ақжігіт Данара, Конушпаева Айяжан,  Бақтиярова  Назерке қатысып марапатқа ие болды.   Кәсіби  бағдар  педагогі Акбаланова Г.А.
«Күзгі палитра» қолөнер көрмесі
21
October
2025
«Күзгі палитра» қолөнер көрмесі
«Күзгі палитра» тақырыбымен қолөнер көрмесі өтті.Көрмеге мектебіміздің МАДТ және 1-8 сынып оқушылары белсене қатысты. Өз шығармашылығын паш еткен оқушыларға марапат ұсынылды.
Жаратылыстану-математика онкүндігі: ғылымға бастар жол
18
October
2025
Жаратылыстану-математика онкүндігі: ғылымға бастар жол
06.10.2025-17.10.2025 аралығынла жаратылыстану-математика бірлестігінің онкүндігі болып өтті. Тақырыбы:Жаратылыстану-математикалық білім ғылымға бастар жол Мақсаты: Оқушылардың жаратылыстану - математика пәндеріне деген қызығушылығын арттыру.ЖИ-ді оқу процесіне тиімді қолданудың жолдарын анықтау. Апталық барысында «Lesson Study» зерттеу сабақтары өткізілді.
«Күз-шабыттың шаһары»  алтын күз мерекесі
17
October
2025
«Күз-шабыттың шаһары» алтын күз мерекесі
«Күз-шабыттың шаһары» тақырыбында МАДТ,1-4 сыныптар арасында күз мерекесі өз деңгейінде тойланды.Сынып оқушылары «Күзгі дефиледе» өз қолдарынан жасалған киім үлгілерін көрсетіп, ән шырқап, би биледі. Оқушылардың өзін-өзі ұстау мәдениетін, сахнада еркін сөйлеу дағдысын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды. Нәтижесінде оқушылардың өнерге, сән мен сұлулыққа қызығушылығы артты. Ұжымдық жұмыс пен бір-бірін қолдау сезімі күшейді. Ең белсенді қатысушылар марапатталды.
«Күз сыйы-еңбек жемісі» тақырыбында 5-7 сыныптар арасындағы жәрмеңке
14
October
2025
«Күз сыйы-еңбек жемісі» тақырыбында 5-7 сыныптар арасындағы жәрмеңке
«Күз сыйы-еңбек жемісі» тақырыбында 5-7 сыныптар арасында жәрмеңке ұйымдастырылды.Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа, бірлік пен өзара көмекке тәрбиелеу, сондай-ақ адал еңбектің қадірін ұғындыру, өз қолымен жасалған өнімнің құндылығын сезіндіру болып табылады. Сонымен қатар, оқушылар мен ата-аналарды мектеп өміріне белсенді қатысуға тарту және қайырымдылық рухын қалыптастыру да басты бағыттардың бірі болды. Шара барысында әр сынып өз қолымен әзірлеген тағамдар, тәтті
«Ұстаз аты-мәңгілік, жадымда қалар жаңғырып» тақырыбымен өткен салтанатты іс-шара
03
October
2025
«Ұстаз аты-мәңгілік, жадымда қалар жаңғырып» тақырыбымен өткен
Елімізде жыл сайын қазан айының алғашқы жексенбісінде тойланатын "Ұстаздар күні" мерекесі мектепте өз деңгейнде аталып өтілді. 3 қазан күні «Ұстаз аты-мәңгілік, жадымда қалар жаңғырып» тақырыбында салтанатты шара өтті. Салтанатты шараны мектеп басшысы құттықтау сөзімен ашып, елімізде білім саласына мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп отырғанын, ұстазынан озар шәкірттерінің көбейе беретініне сенімді екенін жеткізді. Сондай-ақ, білім саласында ұзақ жылдан бері талMay еңбек етіп,
“Достық” білім орталығы мамандарымен UNT-ға дайындық бойынша кездесу
02
October
2025
“Достық” білім орталығы мамандарымен UNT-ға дайындық бойынша кездесу
2025 жылдың 02- Қазан күні «Достық» білім орталығынан келген мамандар Көпжасар Санжар Талғатұлы және Ахмет Мирас Оңласынұлы 10-11 сыныптар оқушыларымен кездесіп, ұлттық біріңғай тестілеуге қалай дайындалу керек жөнінде ақпараттар берді. Оқушылар өздеріне керекті сұрақтарын қоя отырып, мәліметтер алды.
ҰҚК Шекара академиясы мамандарымен кәсіби бағдар беру кездесуі
12
September
2025
ҰҚК Шекара академиясы мамандарымен кәсіби бағдар беру кездесуі
Кәсіби бағдар беру бойынша 2025 жылдың 12.09 Қыркүйек күні Алматы қалансындағы «Шекара академиясы ҰҚК ҚР» мамандары Қабдығалиев Санжар Ертаевич және Гафур Руслан Каженханұлы келіп 10-11 сынып оқушыларына академия туралы ақпараттар берді. Оқушылар өздеріне керекті сұрақтарын қойып, өз жауаптарын алды. Жыл көлемінде тағы келіп кездесу ұйымдастыратындарын жеткізді.
“Мектебім - мейірім мекені”  алғашқы қоңырау мерекесі
02
September
2025
“Мектебім - мейірім мекені” алғашқы қоңырау мерекесі
1 қыркүйек - Білім күні. Бұл күн әр баланың көкірегіне нұр құйылған, әр ұстаздың жүрегі тебіреніп, көңіл шарықтаған, әр ата - ананың мерейі өсе түскен нағыз қуанышты күн. Мектебімізде “Мектебім - мейірім мекені” тақырыбында 1,9-11 сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. Мектеп директоры Жумакулова Асия Максутовна ұрпақты тәрбиелеуде жеткен жетістіктері мен кәсіби шеберліктері үшін және 1-қыркүйек білім күніне орай құттықтау лебіздері айтылды. Оқушыларымыз шарықтатып ән
«Қазақ тілі» пәні бойынша аралық аттестаттау емтиханы өтті
10
June
2025
«Қазақ тілі» пәні бойынша аралық аттестаттау емтиханы өтті
Бүгін, 26 мамыр күні Республика мектептері бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығының 2-тарауы 35-тармағына сәйкес, 5-8 және 10-сынып оқушылары үшін «Қазақ тілі» пәні бойынша аралық аттестаттау емтиханы өтті.