Мектепалды даярлық тобының педагогі (арнайы сынып) » Абай облысы білім басқармасының Municipal public institution "Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"Education Department of Semey district.
Абай облысы білім басқармасының
Municipal public institution
"Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Semey district
Reception room :
+7(7222) 32-78-58
bookkeeping:
+7(7222) 32-94-99
Version for
visually impaired
01
November
2023

Мектепалды даярлық тобының педагогі (арнайы сынып)

Абай облысы білім басқармасының Municipal public institution «Мектеп жанындағы интернаты бар № 42 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Семей қаласы, Әуезов даңғылы 112, т. 32-78-58, semey_sh42@mail.ru.
Мемлекеттік білім беру ұйымының мектепалды даярлық тобының/сыныбының педагогі (арнайы сынып) ваканттық лауазымына қазақ тілінде оқытатын топқа байқау жарияланады, лауазымдық жалақысы педагогикалық өтілі мен біліктілік санатына байланысты 100 мың теңгеден жоғары.
Мектепалды даярлық тобының/сыныбының педагогі (арнайы сынып)
Лауазымдық міндеттері:
білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес сабақ кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады;
балалар қызметін басқарады (ойын, шығармашылық, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және өзгесі);
заттық-дамытушылық ортаны құрады;
балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын қадағалайды;
бос уақытты, спорттық іс-шараларды және өзге де шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады;
дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиетті зерделеу негізінде және балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру процесін жоспарлайды;
мектепке түсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін білім беру ортасына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады;
балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
білім беру ұйымдарында өткізілетін іс-шараларға (кеңестер, педагогикалық кеңестер, конкурстар және басқалар)қатысады;
кәсіби құзыреттілікті арттырады;
отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерделеумен, жинақтаумен, таратумен және енгізумен айналысады;
мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады.
23. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;
педагогикалық этиканың нормалары;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының мазмұны мен құрылымы;
психология және педагогика, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету қағидалары, еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттар.
24. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және (немесе) техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылMayды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде жұмыс өтілі: педагог-модератор және педагог-сарапшы үшін – кемінде 2 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 3 жыл, педагог-шебер үшін-5 жыл;
және (немесе) біліктілігінің орта деңгейі болған кезде жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл.
25. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог":
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесін білу;
жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке көзқарасты жүзеге асыру;
перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу;
балалардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету;
ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен байланысты жүзеге асыру;
әдістемелік жұмысқа қатысу;
балалардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың дамуына диагностика жүргізу;
білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;
кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын пайдалану, сандық білім беру ресурстарын қолдану;
2) "педагог-модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
балалардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесін білу және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;
перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу;
инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану;
аудандық, әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу;
өзінің кәсіби біліктілігін арттыру;
білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау, білім беру ұйымы деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;
3) "педагог-сарапшы":
педагог-модераторға қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
балалардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету;
перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу;
балаларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды диагностикалау тетігін пайдалану;
балалардың зерттеу дағдыларын дамыту;
балалардың аудандық, қалалық байқауларға қатысуын жүзеге асыру;
әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу;
өзінің кәсіби біліктілігін арттыру;
ұйымдастырылған оқу қызметіне талдау жасау;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіби даму басымдықтарын айқындау: білім беру ұйымы деңгейінде, аудан/қала деңгейінде өзінің және әріптестерінің болуы, аудан/қала деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушыларының болуы;
4) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
аудандық, қалалық әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу;
балалардың зерттеу дағдыларын дамыту;
балалардың қалалық, облыстық байқауларға қатысуын жүзеге асыру;
тәлімгерлікті қолдану;
көпшілік алдында сөз сөйлеу және аудиториямен өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пайдалану;
мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әдістемелерін қолдану;
аудан, қала деңгейінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелері бойынша әдістемелік әзірлемелерінің болуы;
ұйымдастырылған оқу қызметін зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын пайдалану, тәрбиеленушілердің зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету, тәлімгерлікті жүзеге асыру және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта даму стратегиясын айқындау, облыс/республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде тәжірибені жинақтау;
облыс/республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;
5) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
облыстық және республикалық немесе халықаралық деңгейдегі семинарларға, конкурстарға және конференцияларға қатысу;
оқу бағдарламаларын, тәрбие және оқыту әдістемелерін әзірлеу дағдылары мен дағдыларын пайдалану;
балалардың қалалық, облыстық, республикалық конкурстарға қатысуын жүзеге асыру;
РОӘК-те мақұлданған, жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) немесе авторлық бағдарламасы болуы тиіс;
жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау, республикалық және халықаралық конкурстарға қатысушы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстарға қатысушыларды дайындау.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 01 қараша 2023 жылдың 09 қарашаға дейін.
Әуезов даңғылы 112 мекенжайы бойынша конкурстық іріктеуге қатысу үшін қағаз форматта құжаттар қабылдау бөлімінде қабылданады. Мектеп поштасына электронды форматта semey_sh42@mail.ru
Жұмыс тәртібі: дүйсенбіден жұмаға дейін (қоса алғанда), белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін. Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Құжаттар тізімі:
Конкурсқа Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген тізім бойынша құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады.
1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9)Сотталғандығыболуы не болмауытуралыанықтама;
10) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.


Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен
педагогтерін лауазымға
тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
5-қосымша
Нысан
___________________________
конкурс жариялаған мемлекеттік
орган
___________________________________________________________________________
кандидаттың Т.Ә.А. (болған жағдайда), ЖСН _______________________________________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны)
___________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
Нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефондары.
Өтініш
Мені _________________________________ бос лауазымына/уақытша (білім беру ұйымының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала/ауыл) бос лауазымына (керегінің астын сызу керек) орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
Қазіргі уақытта ______________________________________________ жұмыс жасаймын.
(лауазымы, білім беру ұйымының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала/ауыл)
Тестілеуді тапсыру тілі: қазақ/орыс
керегінің астын сызу керек
Конкурс қағидаларымен таныстым:
Білімі: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, техникалық және кәсіптік білім
Оқу орнының атауы Оқу кезеңі Диплом бойынша мамандық


Біліктілік санатының бар болуы (бар болса берілген (расталған) күні):
____________________________________________________________________
Жұмыс өтілі:
Жалпы Педагогикалық Government services өтілі Мамандық бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін) Осы білім беру ұйымында, оның ішінде атқаратын лауазымында

Келесі жұмыс нәтижелерін негізге аламын: ____ _
Наградалары, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса) ____________________________________________________________________________________
Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.
Кандидаттардың құжаттарының біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес бағалау парағында көрсетілген балдарды есептеуді жүзеге асырады.
Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
Қағидаларына
11-қосымша
Нысан
Бос немесе уақытша бос педагог лауазымына үміткердің бағалау парағы ___________________________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
№ Өлшемшарттар Растайтын құжат Балл сандары
(1-ден 20-ға дейін)
1. Білім деңгейі Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері Техникалық және кәсіби = 1 балл
Жоғары күндізгі = 2 балл
Жоғары күндізгі үздік= 3 балл
Магистр = 5 балл
Жоғары сыртқы/қашықтан = минус 2 балл
2. Ғылыми/академиялық дәрежесі Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері PHD-доктор = 10 балл
Ғылыми доктор = 10 балл
Ғылыми кандидат = 10 балл
3. Жұмыс өтілі жоқ үміткерлер үшін сертификаттау Сертификат "Педагог" Біліктілік санаты - 5 балл
4. Біліктілік санаты Жеке куәлік, басқа құжат Екінші санат = 1 балл
Бірінші санат = 2 балл
Жоғары санат = 3 балл
Педагог-модератор = 3 балл
Педагог-сарапшы = 5 балл
Педагог-зерттеуші = 7 балл
Педагог-шебер = 10 балл
5. Administration және әдістемелік қызметтегі жұмыс тәжірибесі Еңбек кітапшасы/еңбек қызметін растайтын басқа да құжат Әдіскер (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 1 балл
Директордың орынбасары (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 3 балл
директор (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 5 балл
6. Алғаш рет жұмысқа тұрған педагогтер үшін Білімі туралы дипломның қосымшасы Педагогикалық/ кәсіби тәжірибенің нәтижелері "өте жақсы" = 1 балл
"жақсы" = 0,5 балл
7. Бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан ұсыныс хат Ұсыныс хат (Конкурсты өз бетінше жариялаған білім беру ұйымы соңғы жұмыс/оқу орны бойынша ұйымға/оқу мекемесіне өтініш жасайды) Оң ұсыныс хатының болуы = 3 балл
Теріс ұсыныс хатының болуы = минус 3 балл
8. Кәсіби жетістіктерінің көрсеткіштері - дипломдар, білім алушылардың олимпиадалар және конкурстар, ғылыми жобалар бойынша жеңімпаздардың грамоталары;
- дипломдар, мұғалімнің олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздарының грамоталары;
- мемлекеттік награда 1) олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары = 0,5 балл
ғылыми жобалардың = 1 балл
2) олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары - 3 балл "Best педагог" конкурсына қатысушы = 1 балл
"Best педагог" конкурсының жеңімпазы = 5 балл
"Қазақстан еңбек сіңірген ұстазы" медаль иегері = 10 балл
9. Әдістемелік қызметі -авторлық шығармалары, басылымдары ҚР БҒМ тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 5 балл
РОӘК тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 2 балл
БҒССҚЕК, Scopus тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы - 3 балл
10. Қоғамдық-педагогикалық қызметі Қоғамдық-педагогикалық қызметін растайтын құжат тәлімгер = 0,5 балл
ӘБ басшылығы = 2 балл
Екі тілде сабақ беру, орыс/қазақ = 2 балл
шетел/орыс немесе шетел/қазақ = 3 балл,
үш тілде сабақ беру (қазақ, орыс, шетел) = 5 балл
11. Курсқа дайындық - пәндік дайындық сертификаттары;
- цифрлық сауаттылық,
КАЗТЕСТ,
IELTS;
TOEFL;
DELF сертификаттары;
Goethe Zertifikat, "Python тілінде бағдарламалау негіздері" программалары бойынша оқыту, "Microsoft"
Курсера жұмыстарына оқыту
Халықаралық курстар:
TEFL Cambridge
"CELTA
(Certificate in Teaching English to Speakers of Other Languages)"
CELT-P (Certificate in English Language Teaching – Primary)
DELTA (Diploma in Teaching English to Speakers of Other Languages)
CELT-S (Certificate in English Language Teaching – Secondary)
"TKT
Teaching Knowledge Test"
Certificate in EMI Skills (English as a Medium of Instruction)
Teacher of English to Speakers of Other Languages (TESOL)
"TESOL"
Certificate in teaching English for young learners
International House Certificate in Teaching English as a Foreign Language (IHC)
IHCYLT - International House Certificate In Teaching Young Learners and Teenagers
Becoming a Better Teacher: Exploring Professional Development
Assessment for Learning: Formative Assessment in Science and Maths Teaching
Online Teaching for Educators: Development and Delivery
Educational Management
Key Ideas in Mentoring Mathematics Teachers
Курсы на платформе Coursera, Futute learn
Teaching Mathematics with Technology
Special Educational Needs
"Developing expertise in teaching chemistry " ПШО, НЗМ, "Өрлеу" курстары
= 0,5 балл
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына сәйкес тізбеге енгізілген біліктілікті арттыру ұйымдары іске асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30068 болып тіркелген)
= 0,5 балл (әрқайсысы бойынша жеке)
12. Мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түлегі, "Дипломмен ауылға!", "Серпін" мемлекеттік бағдарламаларының қатысушысы, Жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесі бойынша жіберілген педагог Мемлекеттік білім беру гранты иегерінің сертификаты, келісім-шарты 3 балл қосылады
Барлығы: