Абай облысы білім басқармасының
Municipal public institution
"Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Semey district
Reception room :
+7(7222) 32-78-58
bookkeeping:
+7(7222) 32-94-99
Version for
visually impaired
17
December
2025

Бастауыш мектепте дамыта оқытуға арналған семинар өтті

17.12.2025. Alikhan Bokeikhan университетінде «Бастауыш мектепте дамыта оқытуды қолданудың мәселелері мен перспективалары» тақырыбында семинар өтті. Семинарда мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері Төкенова Арайлым Жұмабекқызы, Темирбекова Индира Бериковна, Оспанова Шолпан Әлібекқызы, Сағатбекова Мадина Аханқызы университет педагогтері және қала мектептеріндегі әріптестерімен ой-пікір алмасып, студенттерге дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығын практика жүзінде мысалдармен келтіре отырып,өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Педагогика кафедрасының деканы, меңгерушісі, аға оқытушылары, мектеп мұғалімдері мен студенттері қатысқан семинар құнды пікірлер мен жағымды эмоцияға толы болды.