10
April
2025
Ата - аналар жиналысы өтті.
Мектебімізде 9 сынып оқушыларының білімдегі жетістіктерін мониторингілеу бойынша ата- аналар жиналысы өткізіліп, ББЖМ мақсаты ата- аналарға таныстырылды. Мектеп психологы Н.Р.Мейрзанова ата- аналарға психологиялық қолдау көрсетіп, мектеп директоры А.М.Жумакулова ата- аналармен сұхбаттасты. Пән мұғалімдері оқушылардың дайындығы жайында ата- аналарға хабарлама жасады. Сынып жетекшілері Назирова Ж.Н. мен Советов О.Қ. ата- аналарға оқушылардың білім сынағынан сүрінбей өтуіне қолдау көрсетіп, қосымша дайындалуда жағдай жасап, балаларға ерекше көңіл бөлуді өтінді. Жиналыс соңында барлығым ББЖМ сынағынан сүрінбей өтуге сәттілік тіледі.



