14
апрель
2021
«Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы» атты СМАРТ минут
09.04.2021 жылы "Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ интернат тәрбиешілері Ботаханова А.Б, Абдрашитова Г.А және Омарова Г.Ж «Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы» атты СМАРТ минут өткізді. Басты мақсат - жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу.
Ұлттық тәрбиемізді жоғарғы деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:
- баланың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;
- жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік,
мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;
- ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;
- жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру.
